2022 жылы 12 наурыз күні Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-нің қолдауымен «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де "Өлке тұлғалары" кітапханалық тележобасы аясында айтыскер ақын, Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағының мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет орденінің» иегері, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Аманжол Дүйсенбайұлы Әлтаевпен "Арқаның дарабозы" атты кездесу кеші өтті. Іс-шараға Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Университетінің физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Ғасыр адамы Темірғали Көкетай Әбілдаұлы, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Университетінің профессоры, ақын, филология ғылымдарының докторы, профессор, айтыстанушы Қойлыбай Асанұлы, филология ғылымдарының кандидаты, ассистент-профессор Бабашов Азат Мақсұтбекұлы, Облыс әкімінің гранты, Ы.Алтынсарин медалінің иегері, «Ұлы дала ұстазы» медалінің иегері, Халықаралық, Республикалық көркем сөз оқуының лауреаты, Оқу ісінің үздігі Күліш Төлеуханова. Айтыскер ақынның студент кездегі достары арнайы келіп, естеліктерімен бөлісті. Жоғары оқу орын студенттері, мектеп оқушылары және 20 кітапхана филиалының кітапханашылары мен оқырмандары қатысып, ақын шығармашылығы жайында ордалы ойларымен бөлісті. Кездесу кештің ашылу салтанатында «Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-нің басшысы Нұртаева Баян Сейтбековна сөз сөйлеп, оқырмандарға ақынның шығармашылық өмір жолынан деректі фильм көрсетіліп Аманжол Әлтаевтің «Алшаңбоз» атты кітабының тұсаукесері өтті. Кітаптың тұсаукесу рәсімін Ғасыр адамы Көкетай Темірғали Әбілдаұлы жүргізіп, ақ батасын берді. Шара барысында кітапханашылар мен оқырмандар ақынға сұрақ қойып, тұщымды жауап алды. Ақын айтыс өнері, өзінің шығармашылығы жайлы кеңінен әңгімеледі. Сонымен қатар «Ақниет» ансамблінің мүшелері Тілеубаевтардың орындауында «Елім менің», сонымен қатар Күліш Төлеуханованың орындауында «Көзімнің мөлдірін-ай» әндері шырқалды. №29 кітапхана филиалының оқырманы, 101 мектеп-лицейдің 8-сынып оқушысы Елтай Адлет Мұратұлы «Жүйріктерге ғашықпын», Қарағанды медицина университетінің 3-курс студенті Сапар Лаура «Өмір», Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің студенті Балхаш Еркемай «Дала», «Арқаның ақын арулары» байқауының II орын иегері А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясының «10» сынып оқушысы Орынбай Мерей ақынның сөзіне жазылған әндерін, өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Кездесу кешін «Ақниет» ансамблінің мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР-ның театр қайраткері, сазгер Шайкенов Аманолла «Қарағанды» әнімен аяқтады. Домбырамен ән шырқалып, жалынды жырлары оқылды. Осындай іс-шаралар кітапханада әліде жалғасын табады.

82ca6e20cf141348bf9e283c173c8cd0 1   275725597 498993518563130 1578457899615967010 n

2022 жылдың 16 наурыз күні «Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-нің қолдауымен «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де "Өлке тұлғалары" кітапханалық тележобасы аясында «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері», Ы.Алтынсарин төс белгісінің иегері, «Мәдениет саласының үздігі», Қарағанды жоғары Гуманитарлық колледжінің директоры, Қарағанды қалалық маслихатының депутаты Амиров Есжан Сарманқұлұлымен "Өнерлі ұстаз" атты кездесу кеші өтті. Кездесу кештің қонақтары: ақын, эссеист, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Абай» атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Серік Ақсұңқарұлы; эстрада әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Досымжан Қарпықұлы Таңатаров; «Ақниет» ансамблінің мүшелері; «Замандас» клубының мүшелері; ардагер ұстаздар, «Лингва» колледжі мен жоғары гуманитарлық колледжінің студенттері, кітапханашылар мен оқырмандар қатысты. Іс-шарада модератор өлкетану бөлімінің меңгерушісі Айткүл Төлеуханова оқырмандарға Есжан Сарманқұлұлының өмір жолы мен еңбектері жайында айтып өтті. Кездесу кеште ақынның «Сарыарқа», «Ардагерлер», «Қызылорда» әнінің клиптері тыңдалды. Шараны құттықтау сөзімен ақын Серік Ақсұңқарұлы ашты. Кездесу кештің қонағы өзінің еңбек жолы мен шығармашылығы, әндерінің шығу тарихы жайлы кеңінен әңгімеледі, Амиров Есжанның әніне жазылған өлеңдері шырқалды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Досымжан Таңатаров желіде қосылып, кеш қонағына өзінің жылы лебіздерін білдірді. Кеш барысында «Ақниет» ансамблінің мүшесі Серік Сейтқазин «Шайтанкөл» әнін, Есжан Сарманқұлұлының шәкірттері Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің 2-курс студенттері композитордың «Арман» әнін орындап, оқырмандар өздерінің көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Кеш соңында Меруерт Башайдың орындауындағы Қарағанды вальсінің клипі көрсетілді.

 

275886566 501583468304135 3108826024655929212 n   275998024 501583421637473 3855724009163895956 n

 

 

  2021 жылдың 18 тамыз күні «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің өлкетану бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және «Алаш» қайраткерлерінің мерейтойлары аясында үлкен жобаны бастаған Қажытай Асхатпен «Қазақстанды жаяу аралаймын» атты кездесу кеші өткізілді. Кеш қонақтары біздің кітапхананың демеушісі ҚР Білім меценаты, «Алтын жүрек» ұлттық сыйлығының иегері, Қарағанды облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Алтынбеков Бекзат Қомарұлы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі ақын Нұрбай Руслан, Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ жанынан құрылған Аналар кеңесінің мүшесі Бекмолдина Әлия, Жезқазған қаласы №8 гимназиясының қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Бекбергенова Бахтылы, Ауылдас ағасы Тұяқбаев Саят Қабдырашұлы қатысты. Қазақстанның ішкі туризмін насихаттауда «Жаяу» танымдық туризм жобасы бойынша үлкен бастама жасап, жастарға үлгі боларлық іс тындырып жүрген, алдына мақсат қоя білуді көрсетіп, жаяу жүрудің қиыншылығын жеңе біліп, Орталық Қазақстандағы ең биік Ақсораңға шығып, Ұлт ұясы Ұлытауға табан тіреген Қажытай Асхатқа ағалық ақ тілегін білдірген Бекзат Қомарұлы өте тартымды сөйледі. Кеш қонақтары өз тілектерін білдіре отырып, ауылдас ағасы Саят Қабдырашұлы ән жолдады. Кеш тартымды өтті. «Жаяу» танымдық туризм жобасын бастаған белсенді азаматымыз Қажытай Асхатқа үлкен сәттілік тілейміз.

001  002  003  004  005  006  007

  2021 жылдың 19 қазан күні «OrtaIyq Qazaqstan» газетінің 90 жылдығына орай жазушы журналисттермен кездесу кешін ұйымдастыра отырып, өнегелі өмір жолдарын жастарға үлгі етіп, ғибратты өмір жолының қыр-сырын аша отырып, еркін кездесу кешін өткізу. Облыстық әкімнің «Алтын сұңқар» сыйлығының иегерлері, ардагер журналистер, арнайы шақырылған қонақтар: «Бұқар жырау ауданының Құрметті азаматы» , Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, «Алтын сұңқар» сыйлығының иегері Аман Жанғожин, «Қазақстанның Құрметті журналисті» төсбелгісінің, «Алтын сұңқар» сыйлығының иегері Серік Сексенов, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Құрметті журналисті, облыс әкімінің «Алтын сұңқар» және «Алтын жолақ» сыйлығының иегері Сүйіндік Жанысбай, «Қазақстанның Құрметті журналисті» төс белгісі мен «Алтын сұңқар» «Тіл майталманы» сыйлығының иегері Сағат Батырхан, ҚР  Мәдениет қайраткері, ҚР Ақпарат саласының үздігі, «Қазақстанның құрметті журналисті»,  «Нұр Отан» партиясының «Нұр Сұңқар», облыс әкімінің «Алтын сұңқар» сыйлығының иегері, «Алтын қалам» сыйлығының лауреаты Тойжігітов Әли Мүсәліұлы, «Saryarqa aqparat» ЖШС-нің директоры, журналист, ҚР Ақпарат саласының үздігі Қамбар Ахмет,  Облыстық "Орталық Қазақстан" газетінің Бас редакторы, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, облыс әкімінің "Алтын сұңқар", "Тіл майталманы" сыйлақтарының иегері, ҚР Ақпарат саласының үздігі Ерсін Кәрбайұлы  Мұсабек, журналист, Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық кеңесшісінің мүшесі, «Тал бесік» көп балалы аналар одағы» ҚБ жетекшісі, «Шаңырақ» көп балалы отбасылары қолдау орталығы» директоры, «QARAGANDY HABARY» бас редакторы Ләззат Таймырқызы  Қожахметова, БАҚ өкілдері (5-арна, «Қазақстан-Қарағанды»), кітапханашылар мен оқырмандар.

001  002  003  004

Яндекс.Метрика