24 маусым  2021 жылы М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада «Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тірбиесі және спорт бөлімі»ММ қолдауымен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрсалхан Ахметова Бейсенбековамен кездесу өтті. «Тәуелсіздік  - басты құндылық» кездесу кеші «Өлке тұлғалары» кітапханалық тележобасы аясында өтті. Іс шара ғылыми құжаттама мұрағатының директора Аршабеков Темірғали Тілеубекұлы, Н.А.Бейсенбекованың шәкірттері, Е.А.Букетов атындағы Қарағанды университетінің 4 курс студенттері, кітапханашылар және кітапхана оқырмандары қатысты. Н.А.Бейсенбековамен кездесі өте тартымды өтті, Нұрсалхан Ахметованың отбасы, өмірі мен шығармашылығы, ғылыми зерттеулермен қалай айналысқаны туралы әңгімелері шынайы қызығушылықпен және ықыласпен тыңдалды. Кеш бойы Н.А.Бейсенбекованың атына магистранттар мен студенттерден ізгі тілектер келіп түсті, ал Е.А.Букетов атындағы Қарағанды университетінің 4 курс студенттері Нұрасем Ақан мен Серікбол Әсемгүл өлең оқыды. Кездесу өте тартымды және қызықты өтті.

001  002  003  

Яндекс.Метрика