2021 жылдың 9 желтоқсан күні «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ №6 кітапхана филиалында  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Өлке тұлғалары» кітапханалық тележоба аясында қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, публицист, «Алаш» партиясы көшбасшыларының бірі Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына арналған «Азаттық таңын аңсаған алаш арысы» атты кездесу кеші өтті. Кездесу кештің қонақтары Офлайн-онлайн арқылы қосылды: Әлихан Бөкейханов атындағы мектептің тарих пәнінің мұғалімі Ракишев Жаннұр Ермекұлы; 5451 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық бөлімшесі бастығының аға көмекшісі майор Ибрагимова Жанар Нұрқанқызы, 5451 әскери бөлімінің сарбаздары; Ақтоғай ауданы Әлихан Бөкейханов атындағы тірек мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Манарбек Нұргүл Маратқызы; Балқаш қаласы Білім бөлімінің Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейінің директор орынбасары Берлібек Балтабекұлы; Шахтинск қаласының Әлихан Бөкейханов атындағы жалпы білім беретін мектептің педагог-ұйымдастырушысы Ахметкалиева Кербез Сериккалиевна; Теміртау қаласы Әлихан Бөкейханов атындағы гимназияның оқу ісінің меңгерушісі Қалима Бопан. Іс-шарада Әлихан Бөкейханов атындағы №76 мектептің мұғалімі Жаннұр Ермекұлы Алаш арысының мектептегі музейі жайлы айтып өтті, мектеп оқушыларының түсірген бейнематериалымен таныстырды. ZOOM платформасы арқылы қосылған облысымыздың Әлихан Бөкейханов атындағы мектептері де қоғам қайраткері туралы мәліметтерімен бөлісті.

001  002  003  

Яндекс.Метрика