Жазғы демалыс уақытында 2018 жылдың 11 шілде күні М.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхананың қызметкерлері №52 ЖОМ мектеп жанындағы лагерь балалары үшін жол жүру ережелері бойынша «Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік» атты ақпараттық сағат өткізді. Жолда балалардың ережелерді бұзу салдарынан болатын оқыс жағдайлар туралы суреттер және жол белгілері бейнеленген стенд ұйымдастырылды. Содан кейін балалар «Жаяу жүретін жол», «Жол жұмыстары», «Жаяу жолаушыларға жүруге болмайды», «Жерасты өтпе жолы» сияқты жол белгілерімен танысты. Балалар викторинаның сұрақтарына белсене жауап берді, онда «аяқжол», «жүргіншілер өткелі», «аялдама», «жаяу жүруші», «бағдаршам» сөздеріне анықтама берілді. Жол жүру ережелері бойынша білімдерін бекіту үшін «Жолдағы қауіпсіздік әліппесі» мультфильмі көрсетілді. Шара соңында балалар «Қызықты көліктер әлеміне саяхат» атты кітап көрмесіне саяхат жасады.

цгб1 min 1цгб1 min 2цгб1 min 3

 

 

Яндекс.Метрика