№16 кітапхана - филиалының оқу залында, балалар мен ата-аналар және оқырмандарға арналған «Елдің мақтанышы - Астана» виртуалды саяхат өткізілді. Оқырмандарға «Астана - ертегілер қаласы!» презентациясы ұсынылды, әр слайдта Астананың көрікті жерлері көрсетілді. Жолда бәрі біраз шаршап, пойыздан шығып, демалып, жылыну үшін, «Менен сіздерге сәлем» деп аталатын қуанышты сергіту сәті болды. Содан кейін «Әлемнің астаналары» тұсаукесерінің көмегімен балалар Астана әлемдегі ең әдемі қалалардың бірі екеніне көз жеткізу үшін әлемнің ұлы астаналары арқылы өздерінің виртуалды саяхатын жалғастырды. «Астана - бейбітшілік пен жасампаздықтың Астанасы» әдеби көрмесіне шолу жүргізілді. Мереке қонақтарына «Достық ертегісі» премьерасы қойылды. Виртуалды саяхат , қызықты әрі тартымды болды. Шараны «Бірінші Қарағанды каналы» таспалап алды.

1616ф 

Яндекс.Метрика