2018 жылдың 4 шілде күні № 22 кітапхана-филиалында Астана күніне, Астана қаласының 20 жылдығына орай «Астана – Қазақстанның жаңару нышаны» атауымен тарихи вояж өткізілді. Мақсаты: Оқырмандарды Астананың тарихи, мәдени жерлерімен таныстыру. Олардың бойында өнегелілік, азаматтық, патриоттық қасиеттерді қалыптастыру, қазақ халқының тарихи өткеніне деген қызығушылығын арттыру, белсенді өмір ұстанымын қалыптастыруға ықпал ету, өз Отанына мақтанышпен қарауға тәрбиелеу. Сонымен бірге, пайдаланушылар Астананың тарихи-мәдени жерлерімен танысты. Кітап көрмесіндегі құжаттарға шолу жасалды. Іс-шара «Астана – Қазақстанның жаңару нышаны» кітап көрмесімен безендірілді.

Изображение 003Изображение 005Изображение 007

Яндекс.Метрика