Биыл Қазақстан тарихында өшпес із қалдырған, ұлы ақын, тарихи тұлға Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығы атап өтіледі. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында ұлы тұлғаларымызды насихаттау мақсатында 27 маусым күні №31 кітапхана-филиалында «Бұқар жырау – ұлы ағартушы» атты әдеби көрме ұйымдастырылды. Көрмеде ұлы ойшыл, ақын, мемлекет қайраткері Бұқар жырау Қалқаманұлының өмірбаяны мен шығармашылығы туралы құжаттар қойылды. Мақсаты: патриоттық тәрбие беру; қазақ халқының көрнекті ұлы ақыны - Бұқар жырау Қалқаманұлын танып-білуге баулу және рухани мұрасын насихаттау. Кітапхана оқырмандары әдеби көрмеде ұсынылған кітаптарға қызығушылық танытты.

IMG 3310IMG 3311IMG 33161

Яндекс.Метрика
Яндекс.Метрика