21 маусым күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасында №41 орта мектеп жанындағы жазғы лагерь балаларымен «Денім сау болсын десеңіз....» атты валеологиялық әңгіме өткізілді. Шараның мақсаты: Балаларды өз денсаулықтарын сақтау шарттарымен, салауатты өмір салтын ұстану қағидаларымен таныстыру. Сергіту ойындары мен танымдық жаттығулар арқылы кітап оқуға деген қызығушылықтарын дамыту. Шара барысында оқу залының кітапханашысы Ғ.Т.Ғабдолла балалармен денсаулықты сақтау және салауатты өмір сүрудің жолдары жайлы валеологиялық әңгіме жүргізді. Балалар тақырыпты белсенді талқылап, ойларын ашық білдірді, балалармен жаттығулар жасап, сергіту ойындары ойнатылып, жұмбақтар жасырып, салауатты өмір салты туралы бейнероликтер көрсетілді. Шара соңында кітапханаға түскен жаңа кітаптар көрмесіне шолу жасалып, балалар бөлімінің әдебиеттерімен жақын таныстырылды.

 DSC0405 min DSC0416 min DSC0420 min DSC0437 min

Яндекс.Метрика