№15 кітапхана-филиалында Жайық Бектұровтың туғанына 105 жыл толуына орай «Ғасыр дауысы» атты шығармашылық портрет өткізілді. Мақсаты: оқырмандарды патриотизмге тәрбиелеу, жазушының өмірбаянымен және шығармаларымен таныстырып, шығармашылығына қызықтыру. Шара барысында Ж.Бектұровтың аудармашы, журналист, тарихшы, жазушылар Одағының мүшесі ретінде әдебиетпен тығыз байланысты еңбек жолы туралы кең мағлұмат берілді. Ол «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде қызмет етті, көптеген шығармалары Қарағанды қаласына арналған. 2001 жылы облыстық жасөспірімдер кітапханасына Ж.Бектұровтың есімі берілді және осы кітапханада жазушының жеке кітапханасы мен қолданған бұйымдары сақталған мемориалдық мұражай кабинеті бар. Ж.Бектұров «Қарағанды. Қарағанды облысы» энциклопедиясын құрастырушылардың бірі болып табылады.

20171026 121005 min20171101 114222 min

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика