14 маусым күні №2 жасөспірімдерге қызмет көрсететін кітапхана-филиалында «Молодежный» мәдениет үйімен бірлесе отырып нашақорлық және есірткі кәсіпкерлігімен күрес күні не орай «Мен өмірді қалаймын» ашық алаңда ой бөлісу сағаты өтті. Шара мақсаты: оқушыларға адамзат ұрпағына төніп тұрған. ғасыр дертіне айналып отырған нашақорлықтың зардаптарын түсіндіру. Адамгершілік жөнінде және құқықтық тәрбие беру,салауатты өмір салтын насихаттау. Шара барысында кітапхана қызметкері соңғы жылдары ғасыр мәселесіне айналып отырған нашақорлық туралы әңгімелеп, есірткі заттарының адамды танымастай кейіпке келтіретін тілге тиек етті. Ішімдік ішу, есірткі заттарын қолдану адам өміріне қауіпті көптеген ауруларға алып келіп, күйзеліске жалғыздыққа, ағат қылықтарға итермелейтінін айтып берді. Кітапханашы студенттерді өздерін және айналасындағы басқа адамдарға қамқорлық жасауға шақырды. Шара соңында «Нашақорлық–ғасыр індеті» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды/

фил2юн наркоманияфил 2юн фото наркомания

Яндекс.Метрика