14 маусым кітапхана оқу залында "Астананың 20 жылдығына арналып, Астанам-менің мақтанышым" атты поэзия сағаты өткізілді.  Шараға №86 мектептің «Достық» мектеп жанындағы лагерінің тәрбиешілері мен балалары қатысты. Шараны өткізудегі негізгі мақсат: Қазақстан Республикасының астанасы-Астана туралы балалардың ақпараттануын арттыру. Астананың назар аударарлық жерлерімен және өткен тарихымен таныстыру. Өз Отандарына деген мақтаныштарын сезіндіруге, отаншылдыққа тәрбиелеуге мүмкіндік туғызу. Шарада балалардың орындауында «Елімнің жүрегі» әні шырқалып, Астана туралы тақпақтар оқылды. Кітапхана қызметкерлері балаларды қызықтыру үшін дайындаған көрнекті әрі танымдық слайдтан Астананың мәдени, тарихи ескерткіштерімен және мәдени ошақтары, ойын-сауық орталықтарымен танысты. Шараның соңғы бөлімінде «Астанаға саяхат!» атты бейнеклипін тамашалады. Балаларға арналып «Астана-ұлы дала елордасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, соған шолу жасалды.

День Астаны в библдень Астк дню Астк дню Астаны

Яндекс.Метрика