12 маусым күні №22 кітапхана филиалында  «Кітаптар достарымен әр үйде» атты әдеби әткеншек өтті. Мақсаты: балаларды кітапқа, оқуға тарту, қызығушылығын арттыру. Әдеби шығармаларды тыңдатуға, оны айта білуге дағдыландыру, ертегі кейіпкерлерімен таныстыру. Балалардың тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту, логикалық қабілетін, танымын дамыту.Шара барысында  «Кітаптар достарымен әр үйде» тақырыбында кітап көрмесіне шолу жасалды. Балалардың білімдерін жетілдіру мақсатында балалармен әдеби шара сұрақ-жауап ойыны түрінде өткізілді. Көркем әдебиеттер туралы сұрақтарға балалар жауап беріп, белсене қатысты. Кітапхананың тұрақты  оқырмандары  Жанбеков Ықылас, Абзал Бекарыс, Аукен Жамила өздерінің белсенді, озық оқырман екенін көрсетті.

IMG 20180612 WA0047IMG 20180612 WA0050 

Яндекс.Метрика