№ 14 кітапхана-филиалының қызметкерлері № 81 орта мектеп кітапханашыларымен бірлесе «Мәңгі лаулаған Жеңіс жалыны» әскери-поэзиялық сағатын өткізді. Шараның мақсаты: әскери-отаншылдық тәрбие, ұрпақтар байланысын нығайту, әскери-отаншылдық тақырыптағы әдебиеттерді насихаттау. Балалар назарына «Жауынгер даңқы» әдеби-музыкалық композициясы ұсынылды. Онда соғыс жылдарындағы өлеңдер оқылып, әндер шырқалды. Шараға әзірленген Ұлы Отан соғысы және қарағандылық батыр М.Мамыраевқа арналған слайдтар көрсетілді. Оқушылар «Қазақстандық батырлар» викторинасына белсене қатысты. Шараның соңында «Мәңгі лаулаған Жеңіс жалыны» кітап көрме-галереясына шолу жасалды.

IMG 0915 

Яндекс.Метрика