Ұлы Жеңіс мерекесіне орай № 1 жасөспірімдерге қызмет көрсету бойынша кітапхана-филиалының оқу залында кітапханашылар № 54 орта мектебінің оқушыларымен және «Жастар» аулалық жасөсіпірімдер клубының әдіскері Н.С.Жұманбаевамен бірлесе «Әлемде барлығы бар, тек қана ұмыту жоқ» әскери «отырысын» өткізді. Шара барысында кітапханашылар Ұлы Отан соғысының біздің тарихимызда алатын орыны ерекше екендігін айтып өтті. Біз соғыс жайында қарттарымыздың әңгімелерінен және кітаптардан ғана білеміз. Ал миллиондаған адамдар сол зұлмат жылдардың куәсі болды. «Отырыс» барысында жастар Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестеріміз жайында мағлұмат алып, «Сол ұлы жылдарға тағзым» викторинасына қатысты. Кітапхана қызметкерлері «Естен кетпес отты жылдар» атты кітап көрмесінде қойылған «9 мамыр» және «Танк» кітаптарымен таныстырды. Шара соңында жастарды аса зор қиыншылықпен келген бейбітшілікті сақтап, құрметтеуге үндеді.

вквк 7вк 8

Яндекс.Метрика