2018 жылы 4 мамыр күні № 12 кітапхана-филиалының оқу залында Ұлы Жеңіс мерекесіне орай № 95 мектеп гимназиясының 5 «а» және 5 «в» сынып оқушыларына «45-ті ұмытпаймыз, 45-ті даңққа бөлейміз» әдеби-отаншылық кеші өткізілді. Шараның мақсаты: өсіп келе жатқан ұрпақтың азаматтық-отаншылдық сана-сезімдерін қалыптастыру, балаларды халықтың ерлікпен өткен өмірімен таныстыру, Ұлы Отан соғысы және оған қатысқан майдангерлер жайындағы білімдерін кеңейту. Шара жүргізушілері кітапхана қызметкерлері С.В.Сарычева және № 95 мектеп гимназиясының кітапханашысы қатысушыларды Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады. Қазақстандық жауынгерлер жайында баяндалды. Балалар «Ұлы Отан соғысындағы Қазақстандық батырлар» бейнебаянын қызығушылықпен қарады. Шарада оқушылар өлеңдер оқып, соғыс жылдарындағы батыр-балалар жайында айтып өтті. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әндер шырқалды. Мерекелік шара шыншыл, әсерлі және тартымды өтті. «45-ті ұмытпаймыз, 45-ті мадақтаймыз» кітап көрмесі және баннер әзірленді.

SAM 8699 minSAM 8705 minSAM 8711 min

Яндекс.Метрика