14 сәуір күні  № 2 жасөспірімдерге  қызмет  көрсететін  кітапхана  филиалының  меңгерушісі А.Қ Исина «52859» әскери бөлім сарбаздарымен  ҚР Президенті Н.Назарбаевтың  жолдауын  талқылау барысында   «Елбасы жолдауы – кезекті қадам»   атты  ашық трибуна  алаңын өткізді. Шараның мақсаты:  ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдауын талқылау.  Оқушылардың  мемлекет туралы, өз елі туралы білімдерін нығайту. Шара басында  кітапханашы Президенттің Қазақстан халқына арнаған әрбір Жолдауы - еліміздің одан әрі дамуының негізгі бағыттары айқындалған, мемлекет дамуының таяу жылдарға арналған маңызды басымдықтары айшықталған, Қазақстандық  дамудың  жаңа  белестеріне  шығуының  нақты  қадамдары көрсетілген  бағдарламалық  құжат екенін  атап  өтті. Сарбаздарды «Адами капитал – жаңғыру негізі» атты жетінші басымдық ерекше қызықтырды. Президенттің  Жолдауында  жаңғырудың  негізі  ретінде қарастырылатын  «Туған жер» бағытына да мән берілгені  қызықтырды.  «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы туралы ақпарат беріліп, бүгінгі таңда мемлекетімізде оқушылар білім алып, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болуы үшін мемлекет барлық шараларды қолданып, іске асырып жатқанын атап өтті. 

Фил2юн жолдау minФил2юн жолдау 14.04 minФил2юн жолдау 14.04.18 min

Яндекс.Метрика