16 наурыз күні М.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада «Наурыз – жаңғыру мейрамы» атты әдеби-музыкалық мереке өткізілді. Мерекелік шараға «Замандас» зейнеткерлер клубы, Қазыбек би аудандық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ОКЖ қызметкерлері, №34 мектептің өнерпаздары №52 мектептің оқушылары қатысты. Іс шараның мақсаты: наурыз мейрамын тойлау дәстүрлерімен таныстыру, қазақ халқының салт-дәстүрлерін құрметтеу, патриоттық пен толеранттық рухында тәрбиелеу, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде кітапхана оқырмандарының жеке тұлға ретінде дамуына, қалыптасуына ықпал ету. Шараның ашылуы қонақтарды «Шашу» рәсімімен қарсы алумен басталып, «Күнге тәу ету», «Бата беру» рәсімдері орындалды. №8 филиалдың «Кітапхана -қарттарға» бағдарламасы аясында құрылған клуб мүшелері ұлттық салт-дәстүрлер тақырыбында сайыс өткізді. Шара барысында Самарқанның көк тасы жібуі жайлы аңызға түсінік беріліп, күн мен түн бейнесі теңелу сәті көрініспен сипатталды. Сайыстың мазмұны Наурыз мейрамының ерекшеліктерін білу, ұлттық салт-дәстүрлерді білу, рухани ой-өрісі мен өз өнерін көрсетуден сайыс түрінде жүргізілді. Сайысқа қатысушыларды марапаттау рәсімінен кейін №34 мектептің оқушылары көрермендер назарына концерттік бағдарлама ұсынды. Кітапхана залы ұлттық нақышта безендірілді, кітап көрмесі, бейнепрезентация әзірленіп, музыкамен сүйемелденді.

DSC 0780 minDSC 0807 minDSC 0812 minDSC 0821 minDSC 0816 minDSC 0971 min

Яндекс.Метрика