13 ақпанда №8 кітапхана-филиалының  оқу залында Кеңес  әскерінің  Ауған  жерінен  шығарылғанына  29 жыл,  қазақ әскерлері тәжік-ауған шекарасынан шығарылғанына 17 жыл  толған  айтулы  күндерді  атап  өтуге арналған «Жастығын жалын шарпыған» атты имидж-коктейль (кездесу кеші) өтті. Шараға №58 орта мектебінің  7 «б» кадет сынып  оқушылары және алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Байпақпаев Ә. М. қатысты.  Мақсаты:  оқушыларға  ауған  соғысы  жайында  кеңінен  мәлімет  беру, оқушыларды  ерлікке, патриоттыққа  тәрбиелеу. Кешке арнайы  қаламыздың тұрғыны, Тәжік-Ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысқан ардагерлер Аяғанов Нұрболат Жолболдыұлы,Талғат Құсайынұлы Қабжанов, Айдос Сейфуллаұлы Мусалиманов шақырылды.  Кеш барысында оқушылар ардагерлергеге сауалдар қойып, ардагерлердің өмірінен шынайы оқиғаларды қызыға тыңдады және патриоттық тақырыпта өлең жолдарын оқыды. Шара соңында «Ерлер – халық есінде» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Шараға 21 адам қатысты. 

8182

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика