09 ақпан күні  №2 жасөспірімдерге  қызмет  көрсететін  кітапхана филиалында Ауғанстаннан  Кеңес әскерінің шығарылғанына 29 жыл  толуына орай «Өмір.Тағдыр.Қоғам» атты кездесу кеші өтті. Шараның мақсаты: 1979-1989 жылдары Ауғанстан Демократиялық Республикасында интернационалдық парызын өтеген сарбаздар мен офицерлердің үлгі-өнегесі арқылы оқушылардың бойында патриоттық пен еліміздің өткен тарихын құрметтеу сезімін қалыптастыру.   Шараға №18 ЖББОМ 9-сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы Г.Жетписбаева   оқырмандарды Ауғанстандағы соғыста бастан кешкен оқиғаларын, жауынгер-интернационалистердің ерлігі,  бостандық үшін сыннан өткен кезеңдері туралы әңгімеледі. Кеш барысында  Ауған соғысының ардагерлері Ақпаров Амангелді Тұрсынұлы  мен Садыков Нұрлан Аманжолұлы  қатысып,  Ауғанстан  соғысында жүздеген жас сарбаздар мен офицерлердің қаза тапқанын үлкен толғаныспен әңгімелеп, интернационалист-жауынгерлердің ерлігін ерекше атап өтті. Ардагерлердің құрметіне «Вдохновение» еңбек ардагерлері хорының  орындауында патриоттық әндер шырқалды. Шара соңында «Уақыт оларды таңдады» атты кітап көрмесінің әдебиеттеріне библиографиялық шолу жасалды.

2 1 min2 min 2 2 min

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика