«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің балаларға қызмет көрсету бойынша №5 кітапхана-филиалында қызметкерлер арасында «Үздік жас кітапханашы – 2023» кәсіби байқауы өткізілді. Байқаудың құрылтайшысы – «Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ. Ұйымдастырушы – «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ.
Қазылар алқасының мүшелері: «Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК әдіскері С.Б.Рахметова, «Ken'jol» ҮЕҰ қоғамының инновациялық даму альянсы» балалар, жастар, мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі уәкілі Д.Ержанова, Ж.К.Бектұров атындағы ОЖК-ның ақпараттық-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі М.Х.Фахрутдинова болды.

Байқау кітапхана жұмысының инновациялық әдістерін тарату және жас қызметкерлердің имиджін арттыру мақсатында өткізілді. Байқауға қатысушылар ұсынылған өз материалдарын қорғады (кітапхана тақырыбына эссе, «Менің визит карточкам» бейне-танысу, библиопортфолио, «Менің қаламның көшелері» өлкетану жобасы) кітапхана жұмысы бойынша практикалық тапсырмаларды орындады. Қорытындысы мен бірауыздан қабылданған шешім бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады: 1 орын – Елена Петровна Величко, М.О. Әуезов атындағы ОҚК-ның балалар бөлімінің кітапханашысы; 2 орын - Балдаева Айғаным Еранқызы, № 5 балаларға қызмет көрсету филиалының кітапхана меңгерушісі, 3 орын – Жанабай Айтолқын, М.О. Әуезов атындағы ОҚК-ның балалар бөлімінің кітапханашысы. Жеңімпаздарға дипломдар мен Sulpak тұрмыстық техника дүкенінен сертификаттар табысталды, байқауға қатысушылар алғыс хаттар мен көтермелеу сыйлықтарын алды.
«Қазақстандық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Қарағанды облысы филиалының төрағасы А.Т.Усероваға байқауды ұйымдастыруға және ынтымақтастыққа жәрдемдескені үшін Алғыс білдіреміз.

352231737 831740738343175 7128794935798019943 n   352547044 611458107635706 6011781163234408963 n   352560149 966719941416853 8301764316071718727 n

 

Яндекс.Метрика