2022 жылдың 20 желтоқсан күні «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де жазушы, этнограф, қоғам қайраткері Ақселеу Сейдімбектің туғанына 80 жыл толуына орай «Өлке тұлғалары» кітапханалық тележобасы аясында «Ұлт руханиятының жанашыры» атты кездесу кеші өтті. Кештің арнайы қонағы ҚР мәдениет қайраткері, филология ғылымдарының докторы, академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Университетінің профессоры Асанов Қойлыбай Дәулетқанұлы. Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар «Белсенді ұзақ өмір сүру» арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-ның директорының орынбасары Уахитов Бекен Уахитович, Н.Нұрмақов атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттының 10 - сынып оқушылары мен кітапханашы қатысты.

Seidimbek   Seidimbek1

Яндекс.Метрика