3 қаңтар күні №12 балалар кітапхана-филиалында №13ОМ 2-3 сынып оқушылары үшін Жаңа жылды мерекелеуге арналған «Аяз Ата патшалығында қонақта» атты ғажайыптар алаңы өткізілді. Мақсаты: балалардың бос уақытын қызықты да пайдалы өткізун ұйымдастыру, ойын түрінде жаңа кітаптармен және жаңажылдық дәстүрлермен таныстыру. Шара барысында бағдарламаны жүргізуші капитан Джек балаларды Жаңа жылмен құттықтап, жаңа жыл тақырыбына жазылған кітаптарға арналған ойындар өткізді. Ойын кезінде капитан бастан кешкен оқиғаларын әңгімеледі, әртүрлі ойындар, викториналар,сайыстар ұйымдастырды. Барлығы 11 адам қатысты.

 SAM 7689 min

Жаңа жыл… Сиқырлы, шулы, тосын сыйларға, түрлі бояулар мен сыйлықтарға толы мереке. Жаңа жыл мерекесі жұмыста, мектепте, балабақшада, және балалар кітапханасында тойланды. Қысқы демалыс күндері №11балалар кітапхана-филиалында    кітапхана оқырмандары, №83,6 орта мектеп оқушылары үшін «Жаңажылдық ертегі» және «Ойыншықтар мен жұмбақтар шыршасы» атты көрме-жұмбақ жұмыс істеді.  Шараның мақсаты: кітаптар арқылы Жаңа жыл мерекесінің тарихымен таныстыру, балалардың бос уақытын ұйымдастыру, жыл уақыттары туралы кітаптар мен журналдарды таныстыру. Шара барысында «Қысқы ертегілердің сиқырлы әлемі» атты шағын викторина өткізілді, шыршада ілінген жұмбақ шарлар жаңажылдық тосын сый ретінде балаларды қуантты.

фото5 minфото4 minфото3 min 

03 қаңтарда №11балалар кітапхана-филиалында «Біздің кітапхананың кітап ғаламшары» атты ашық есік күні өтті. Шараға «Әлемнің кітап үйлері» атты таныстырылым-көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: кітап пен оқуды насихаттау, балалардың бос уақытын ұйымдастыру арқылы кіапханаға жаңа оқырмандар тарту. Шара барысында төменгі сынып оқушылары көрме кітаптарымен және «Жаңа журналдармен әлемді таны» атты пресс-жарнамамен жақын танысты. Күннің екінші бөлімінде жоғары сынып оқушылары «Кітап Гольфстриміне» қатысып, кітапхананы аралап, жаңа кітаптармен танысты.   

11д 1 min11д min 

04 қаңтарда №11балалар кітапхана-филиалында И.Панфиловтың туғанына 125 жыл толуына арналған, панфиловшы сарбаздардың ерлігіне құрмет көрсету үшін «Панфиловтың сарбаздары:ерлік тарихы» атты әскери тарих парақтары өткізілді. Мақсаты: оқушыларға патриоттық тәрбие беру, қазақстандық батырлардың ерлігі үшін мақтаныш сезімдерін ояту, Қазақстан тарихы бойынша кітаптарды насихаттау. Шара барысында жауынгерлік ерлік көрсеткен панфиловшылар тарихымен таныстырылды, соғымта жазылған өлеңдер оқылды, слайд көрсетілді. Шараға «Жауынгер ерлігі» атты кітап көрмесі безендірілді және «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» тақырыбымен бейнефильмедр топтамасы көрсетілді. 

 04 қаңтарда №5 балалар кітапхана-филиалында «Қар ханшайымы патшалығына жол» атты ертегілік ойын-викторина өткізілді. Мақсаты: балалардың бос уақытын қызықты өткізу, жаңажылдық ертегілерді таныстыру. Шараға «Ғажайыптар мен сиқырларды күту уақыты» атты кітап көрмесі әзірленді. Балалар «Жаңа жыл ертегілері» атты бағдарлама мен  ойын-викторинаға қатысты, бейнероликті тамашалады. Шараға 21 адам қатысты. 

lDtsuFuYGW4 min496GyZLwLfE min 

№31 филиалында 1-қаңтарда аты аңызға айналған қолбасшы, Кеңес Одағының батыры, генерал-майор И.В.Панфиловтың туғанына 125 жыл толуына арналған «Аңыз адам –И.Панфилов» атты әдебиеттердің ашық көрсетілімі өткізілді. Мақсаты: Отан үшін мақтаныш сезіміне, патриотизмге тәрбиелеу,  соғыс уақытында ерлік жасаған батырларымыздың есімдерін құрметтеуді, азаматтық сананы қалыптастыру.  

 IMG 2905 копия min

4 қаңтарда №12 балалар кітапхана-филиалында Т.Александрованың туғанына 85 жыл толуына орай «Кузька сандықшадан жаңа ертегілер алып шықты» атты әдеби ойын өткізілді.  Мақсаты: балаларды жазушы Т. Александрованың щығармашылығымен таныстыру, кітап оқуға баулу. Шара барысында балалар талантты ертегіші және суретшінің өмірбаянымен танысып, көрмедегі кітаптардан оның «Үй иесі Кузька» туралы ертегілеріне саяхат жасады және мультфильмін тамашалады. Қорытындысында «Ертегідегі үйлер», «Кузяға сыйлықтар», «Кузьканың сөздігі», «Үй иесі Кузька және оның достары» тақырыптарында әдебиойындар ойнатылды. Барлығы 14 адам қатысты.

112212312 

       

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика