22 желтоқсанда №16 кітапхана-филиалының оқу залында №25 ЖББОМ оқушыларына арналған «Жаңажылдық ертегіге саяхат» атты виртуалды жаңажылдық викторина өтті. Шараның мақсаты: балаларды жаңажылдық ертегілердің кейіпкерлерімен таныстыру, мерекелік көңіл-күй сыйлау.  Шара барысында қатысушылар «Полярлық экспресс» арқылы «Жаңа жыл» ертегілік станцияларына тоқтала отырып, ғаламшардағы жаңа жыл мерекелеріне қызықты саяхат жасады. Таңғажайып ертегі түріндегі «Жаңа жыл» мерекесінің шығу тарихымен таныстыратын бейнероликтер көрсетілді. «Дымбілмес» станциясында балалар «Ертегіге саяхат» викторинасына қатысып, қызықты да түрлі-түсті кітаптармен безендірілген «Жаңа жыл ғаламшарды аралап жүр» атты кітап көрмесімен танысты.  Шараның қорытындысында «Сыйлықтар» станциясында мерекелік тілектер, құттықтаулар мен өлеңдер оқылды. 

 

дети читают стихи minф16 новый год в библиотеке min

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика