Ақпарат

2020 жылдың 1- қазан күні М.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхананың кітапханашылары мен оқырмандарымен бірге «Өмірдің күзі шырайлы болсын» атты қарттар күніне арналған іс-шара өткізілді.

Мақсаты: Оқымандарды ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру. Оқырмаңдарға еңбекті сүюге, Отанымыздың білікті де білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу.

Іс-шараға: Қазақстан Республикасының Журналистер одағының мүшесі Рымтай Шөкейқызы мен  ардагер журналист Аман Жанғожин, екі мәрте Кеңес Одағының батыры Т. Бегилдинов атындағы Қарағанды «Жас ұлан» республикалық мектебінің қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Қошанов Жеңіс өзінің оқушыларымен,  кітапханамыздың тұрақты оқырмандары қатысты.

Шара барысында қонақтарымыз жастардың тәрбиесі туралы сөз қозғап, "Атаңа не қылсаң,  алдыңа сол келеді" деген сөз барын алға тартып, Жастарымыздың ата-анасының қадірін ұғынып, "Қарттары бар ел-бақытты ел" екенін түсіндірді. Сондықтан ел басына күн туған, қиын-қыстау күндерде халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыздың қашан да денсаулықтары мықты болып, қоғам өміріне белсене араласып жүруіне жағдай жасап, әртүрлі жиындардың көптеп ұйымдастырылып тұруын тіледі.
Сонымен қоса, қонақтарымыз қарттарымызды мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп, оқырмандарымыздың қойған сұрақтарына жауап берді.

IMG 20201001 WA0008  IMG 20201001 WA0009  IMG 20201001 WA0010  IMG 20201001 WA0011

 

Яндекс.Метрика