8 желтоқсан күні №12 балалар кітапхана-филиалында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай № 13 ОМ 4 сынып оқушылары үшін «Біз Қазақстанның балаларымыз» атты білгірлер сайысы өтті. Мақсаты: патриоттық,адамгершілік тәрбие беру; Отаны мен туған жері туралы білімдерін кеңейту. Шара барысында Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы туралы түсінік берілді, оның ішінде «Туған жер» бөліміне баса назар аударылды. Н.Ә.Назарбаевтың «патриотизмнің маңызды бөлімі - туған жерге, ұлт мәдениетіне салт-дәстүрлерге ерекше көңіл бөлу болып табылады», – деген сөзіне талдау жасалды. Сайыс «Мақалды жалғастыру», «Туған жер» кластері, «Қазақстанның айтулы жерлері, ескерткіштерін табу» т.б да сайыстар мен ойындар арқылы жүргізілді. Жарыстар аралығында балалар Отан, Қазақстан, туған қаласы туралы өлеңдер оқыды. Кеш соңында «Туған жер» кітап көрмесіне шолу жасалды. 

456

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика