Қарағанды қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде

 өткізілген мәдени шаралар ақпараты.

      24 мамыр күні Қарағанды қаласының 85 жылдық мерейтойына орай Орталық қалалық кітапхана қызметкерлері Қарағанды қаласының 80 жылдық мерейтойына орай "Менің сүйікті қалам-Қарағанды!" атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Н.Әбдірівтің  100 жылдығына арналған "Чтобы помнили" атты іс-шара өткізді № 52 ЖББОМ-нің 8 сынып оқушылары үшін, іс - шараның мақсаты: Нұркен Әбдіровтің өмірі мен жауынгерлік ерліктері туралы әдебиетті жастар арасында насихаттау. Мәдени шара барысында  Нұркен Әбдіровтың кітап көрмесіне қойылған әдебиеттермен және мерзімді басылымдармен таныстырды.

IMG 20190524 WA0003   IMG 20190524 WA00171

       24 мамыр күні Орталықтандырылған №11 б. кітапхана филиалында  «Білімге алтын кілт» мектепке дейінгі балалар күні өтті. Шараның мақсаты: кітапханамен танысу, танымдық әдебиеттерді насихаттау, мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылығын қалыптастыру. Ашылу мерекесі жаңа оқырмандарды тартуға және кітап пен оқуды насихаттауға бағытталған. Мектепке дейінгі балалар күні "Білімге алтын кілт" кітап еліне саяхатпен басталды. Жүргізуші балаларды кітапхана бөлімдерімен: Абонемент және оқу залымен, сондай-ақ кітапхана әліппесінің құпиясымен таныстырды. Содан кейін, ойын түрінде кубик - рубик көмегімен балалар оқу залындағы әдемі балалар энциклопедия "Бәрін білгім келеді!" бұрышымен таныса алды.  Мектепке дейінгі балалар үшін түрлі ойындар, жұмбақтар, бояулармен балалардың танымдық мерзімді басылымдарының мазмұнын ашты.

20190524 111350   20190524 112404

 

Яндекс.Метрика