Спандияр Көбеевтің ағартушылық, педагогтік және жазушылық қызметі туралы кеңінен мағлұмат беріп, жазушы шығармаларын оқыта отырып оқушыларды ізгілік пен адамгершілік құндылықтарын танып, бойларына сіңіру, өз елінің ардақты ұлдарына деген мақтаныш, құрмет сезімін тудыру, патриоттық тәрбие беру мақсатында №4 кітапхана филиалында «Орындалған арман» атты кеш-портреті өтті. Кешке №137 орта мектептің 9-сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында оқушылар С.Көбеевтің өмірбаяны мен ағартушылық, педагогтік және әдеби шығармаларымен танысып өтті. Кітапханашы жазушының «Қалыңмал», «Орындалған армандар» романдарына ерекше тоқталып өтті. Кеш соңында оқушылар назарына «Орындалған армандар» атты бейнебаян және әдебиеттердің ашық көрсетілімі ұсынылды. Жазушының шығармалары таныстырып, үзінділер оқылды. Қатысқаны 16 адам.

4 1 4 2

Яндекс.Метрика