7 маусым күні №12 балаларға қызмет көрсететін кітапхана-филиалының оқу залында №13 мектептің жазғы демалыс лагерінің оқушыларымен «Почта дилижансы: балалар баспасының қызықтары» атты ақпараттық сағаты өткізілді. Мақсаты: балалардың жазғы демалыс уақытын тиімді де қызықты өткізу, баспасөз газет-журналдарымен таныстыру; ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу. Шара барысында кірістірілген кітапханалық сабақ өткізіліп, балаларға мерзімдік басылымдарының мәні мен маңызы жайында балаларға толық ақпарат берілді.  Ақпараттар балалардың жалпы баспа жайында «газет», «журнал», «пресса», «мақала» туралы білімдерін жаңа мәліметтермен толықтыра түсті.  Кеш соңында тақырыптық баспалар жиынтығының көрмесіне шолу жасалды.

12дет12дет2

Яндекс.Метрика