«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

  өткізген мәдени шаралар ақпараты

     8 наурыз көктемнің ең ғажайып, ең нәзік мерекесі! Жақында балаларға қызмет көрсету бойынша № 5, №12, 11 кітапхана-филиалдарында анаға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін тәрбиелеу, ақындық шығармаларды оқуға тарту мақсатында оқырман-балалар, олардың аналары мен әжелері үшін мерекелік іс-шаралар өткізілді.

      Балаларға қызмет көрсету бойынша №5 кітапхана-бөлімшесінде «Бәріненде әдемі – менің анам!» атты музыкалық кеш ұйымдастырылды. Кітапханашылар оқушыларға Халықаралық әйелдер күнінің шығу тарихы туралы айтты.Жас оқырмандарымыз ана туралы өлеңдер оқып, «Мамочка милая моя» әнін орындады. Балалар үлкен қызығушылықпен «Аналарға арналған «Менің сыйлығым»» атты мастер-класқа қатысты. Кітапханада «Бізді аналардың жаны табындырады" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Балалар көрмеде орналасқан құттықтау гүлінің жапырақтарында аналар мен әжелерге құттықтаулар жазды.

   20190305 131519   20190305 133313

     3 наурыз күні №12 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалы «Кеша»  аула  клубымен бірлесе отырып «Ана-өмір шуағы» атты танымдық-ойын-сауық бағдарламасын өткізді. Алдымен жүргізушілер мерекенің тарихымен, маңызымен таныстырып өтті. Балалар «Әлемдегі ең сұлу жан» атты әдеби-музыкалық композиция дайындап, онда  өлеңдер шырқалып, билер орындалып  және «Меруерт» вокалды тобы  өз өнерлерін көрсетті.  Кеш қонақтары мен балалар бірігіп көптеген ойындар ойнап, викториналарға жауап берді оның ішінде «Биле, биле» (әжелерге арналған сайыс), «Күлместер», «Сыйлықтар», «Анаммен бірге», «Көктемгі жұмбақтар», «Күлкілі викторина» бар.  Шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалып, барлық қатысушылар мен қонақтарға  естелік сыйлықтар таратылды. Бұл іс-шара оқырмандарға көктемгі көңіл-күй сыйлады.

  SAM 0218   SAM 0235

     5 Наурызда балаларға қызмет көрсету бойынша №11 кітапхана-филиалының қызметкерлері «Аққу» балабақшасында«Менің анам бәрінен жақсы!» атты жылжымалы кітап көрмесін ұйымдастырды.Іс-шараның белсенді қатысушылары-балалар болды. Олардың орындауында А. Бартоның «Саған жүрегімді сыйлаймын», М. Әлімбаевтың«Қандай сөздер бар», Қ. Баянбаевтың«Қонаққа келіңіз», С. Бегалиннің «Ана», Е. Елубаевтың «Гүлдер», Ғ. Мүсіреповтың «Менің кітабым» және т. б. өлеңдер оқылды.   Іс-шара барысында кітапханашылар«Анама комплимент!»,«Гүл жина», «Барлық мамандықтар маңызды» атты ойындарын өткізді. Соңында балалар жетекшінің басшылығымен «Біз ән шырқаймыз!» әнін орындады.

  IMG 20190305 WA0045   IMG 20190305 WA0059

    8 наурыз-Халықаралық әйелдер күніне орай үлкендерге қызмет көрсететін кітапхана-филиалдарында да бірқатар іс-шаралар өткізілді.  № 14 кітапхана-бөлімшесінде әйелдердің бос уақытын тиімді өткізуге, кітапханаға келіп түскен жаңа басылымдарды насихаттау мақсатымен кітапхананың тұрақты оқырмандары мен «Ретро» клубының мүшелері үшін «Махаббат пен жарық сыйласын» атты поэзия сағаты өткізілді.Кітапхана қызметкерлері келген әр оқырмандарға арнап жылы-жылы сөздерін айтып,олардың қоғамымызда алатын орындарын жоғары бағалап, құттықтады. Кеште Е. Евтушенко, Р.Рождественский, Е.Асадов және  әйгілі жазушыларымыздың өлеңдерінен оқырман,  еңбек ардагері және  зейнеткер А.Кравцовтың орындауында оқылды. Сонымен қатар оқырмандар назарына«Бұл жолдардың авторы кім» атты викторинаұсынылды. Шара соңында оқырмандарға осы мерекеге қатысты ұйымдастырылған көрмедегі басылымдарға  шолу жасалды.

  к 8 марта 20190123 163423   к 8 марта 20190123 163723

Яндекс.Метрика