2021 жылдың 18 тамыз күні «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің өлкетану бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және «Алаш» қайраткерлерінің мерейтойлары аясында үлкен жобаны бастаған Қажытай Асхатпен «Қазақстанды жаяу аралаймын» атты кездесу кеші өткізілді. Кеш қонақтары біздің кітапхананың демеушісі ҚР Білім меценаты, «Алтын жүрек» ұлттық сыйлығының иегері, Қарағанды облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Алтынбеков Бекзат Қомарұлы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі ақын Нұрбай Руслан, Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ жанынан құрылған Аналар кеңесінің мүшесі Бекмолдина Әлия, Жезқазған қаласы №8 гимназиясының қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Бекбергенова Бахтылы, Ауылдас ағасы Тұяқбаев Саят Қабдырашұлы қатысты. Қазақстанның ішкі туризмін насихаттауда «Жаяу» танымдық туризм жобасы бойынша үлкен бастама жасап, жастарға үлгі боларлық іс тындырып жүрген, алдына мақсат қоя білуді көрсетіп, жаяу жүрудің қиыншылығын жеңе біліп, Орталық Қазақстандағы ең биік Ақсораңға шығып, Ұлт ұясы Ұлытауға табан тіреген Қажытай Асхатқа ағалық ақ тілегін білдірген Бекзат Қомарұлы өте тартымды сөйледі. Кеш қонақтары өз тілектерін білдіре отырып, ауылдас ағасы Саят Қабдырашұлы ән жолдады. Кеш тартымды өтті. «Жаяу» танымдық туризм жобасын бастаған белсенді азаматымыз Қажытай Асхатқа үлкен сәттілік тілейміз.