30  наурыз 2021жылы М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада «Өлке тұлғалары» кітапханалық тележобасы аясында Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Бабашов Азат Мақсұтбекұлымен «Болашақ жастардың қолында» атты  кездесу кеші өтті. Іс-шара қонақтары: Облыстық тілдер орталығының бас маманы, ақын Қайрат Асқар; №12 ЖББМ қазақ тілі әдебиет пәнінің мұғалімі Тухтамурадов Жанкелді Кенжебайұлы; №15 ЖББМ қазақ тілі әдебиет пәнінің мұғалімі Сәмет Назым Айдынқызы; «Қарымды қаламгер» клубының мүшесі Майролқызы Ораз-Ай; Ә.Бөкейхан атындағы ЖББМ 9-сынып оқушысы Қабиден Гүлниет Темірханқызы. Іс-шараны мадератор М.О.Әуезов атындағы ОҚК өлкетану бөлімінің меңгерушісі А.Толеуханова ашып, қатысушыларды кеш қонағымен таныстырып өтті. Одан әрі Азат Мақсұтбекұлы өз өміріндегі кітаптың орыны жайында баяндап, жастарды кітап оқуға тарту туралы өз тәжірибесімен бөлісті. Іс-шара барысында қонағымызға қатысушылар өз сұрақтарын қойып жауап алды. Кеш барысында Ә.Бөкейхан атындағы ЖББМ 9-сынып оқушысы  Гүлниет Темірханқызы  Міржақып Дулатұлының «Туған жер» өлеңін нақышына келтіріп оқып берді.

001  002  003  004

Яндекс.Метрика