2023 жылдың 21 ақпан күні «Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-ның қолдауымен «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада «Өлке тұлғалары» кітапханалық тележобасы аясында өлкеміздің өсіп-өркеңдеуіне атсалысқан еңбек ардагерлерінің өмір жолдарын үлгі етіп, жетістік пен табысқа жеткен жерлестерімізді мақтаныш ету мақсатында бүгінгі «Ғалым. Ұстаз. Тұлға» тақырыбында Қарағанды қаласының тұрғыны, «Қазақстан Республикасының білім саласының үздігі», профессор, техника ғылымдарының докторы, ардагер ұстаз Қонтаев Сәбит Сейітұлымен кездесу өтті. Кездесу кештің қатысушылары: Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің студенттері және №6 ЖББМ КММ-ның директоры М.Б.Cулейменов, "Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі" КМҚК оқытушысы Б.Ш.Жумадилова. Тәттімбет атындағы өнер колледжінің 3 курс студенті Салтанат Кеңес М.Ержановтың "Бақыт жыры", Н.Бекежановтың "Илигай" әндерін оқырмандарға тарту етті.

Kontaev Sabit kezdesu   Kontaev Sabit kezdesu 1

Яндекс.Метрика