2023 жылдың 26 қаңтар күні «Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-ның қолдауымен «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада «Өлке тұлғалары» кітапханалық тележобасы аясында «Жомарт жүрек нар тұлға» атты кездесу кеші өтті. Кездесу кешіне Қарағанды қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі "Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығы" КММ, Қарағанды медицина университетінің студенттері, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледж студенттері, Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті заң факультетінің студенттері мен кітапхана оқырмандары қатысты. Іс-шара қонағы Меценат, заң ғылымдарының докторы, профессор, «Құрмет», «Парасат» орденінің иегері, «Қарақаралы ауданының» құрметті азаматы Жүнісов Бахтыбай Жолжақсыұлы.

Vstrecha mecenat   Vstrecha mecenat1   Vstrecha mecenat2

Яндекс.Метрика