2022 жылы 11 ақпан күні "Қарағанды қ. орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ-нің М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасында коворкинг орталығында "Киелі домбыра пернелері" атты шеберлік сыныбына Жаңа Майкұдық мәдениет үйінің "Серпер" домбыра үйірмесінің жетекшісі Қанат Балтабайұлы мен «Есіл» студиясының домбыра жетекшісі Теміреев Ерасыл арнайы шақырылды. Шеберлік сыныбына «Унисон» студиясының домбыра үйірмесінің жетекшісі мен оқушылары және Қарағанды медицина университетінің 2-курс студенттері (өзге ұлт өкілдері) қатысты. Шеберлік сыныбында Қанат Балтабайұлы «Балбырауын» күйінің орындалуы бойынша балаларға түсіндіріп, көрсетті.Сонымен қатар «Көңіл толқыны», «Сарыарқа» күйлерін балалармен бірге орындады. «Унисон» студиясының домбыра үйірмесінің қатысушысы Жарылғасын Дильназ 10-сынып оқышысы Секен Тұрысбековтың «Көңіл толқын» күйін шертіп берді.

273775312 480547097074439 1412050361080972318 n   273775673 480547180407764 887731555520924865 n   273778459 480547053741110 6137714796520375737 n

Яндекс.Метрика