АТАУЫ/ НАИМЕНОВАНИЕ | |
Есенберлин, І. Алтын Орда: Тарихи трилогия. 1-ші кітап. - Алматы: Жазушы, 1982. – 264 бет.
Жазушы Ільяс Есенберлиннің тарихы тақырыптарға арналған шығармалары қалың оқырманға жақсы таныс. Оның «Алтын Орда» тарихы трилогиясының бірінші кітабы Алтын Орда хандығының құрылу кезеңін, яғни XIII ғасырдың 75-80 жылдарына деінгі дамуын арқау еткен. |
|
Есенберлин, І. Алтын Орда: Тарихи трилогия. 2-ші, 3-ші кітап. – Алматы: «Жазушы», 1983. – 480 бет.
«Алтын Орда» трилогиясының бірінші кітабы 1982 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрді. Қазір оқырманға ұсынып отырған бұл трилогияның екінші, үшінші кітаптарында XIV ғасырдың басынан бастап, XIV ғасырдың алғышқы жиырма жылдығы аралығындары оқиғалар қамтылған. Осы жүз жылдан аса уақыт ішінде Алтын Орда мемлекеті дәуірлеп, шілдей тозып, құлдырап, бөлшектенеді. Сонымен бірге зорлықшыл, қанқұйлы Алтын Ордаға қарсы орыс халқының бірігіп бас көтеруі, өз бостандағы үшін жанқиярлық, ерлікке толы қарулы күреске шығуа суреттеледі. |
|
Есенберлин, І. Жанталас: тарихи роман. Алматы: «Жазушы», 1973. – 320 бет.
Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ілияс Есенберлин халқымыздың арғы-бергі тарихына барлау жасап, «Қаһар», «Алмас қылыш» атты романдар жазғанын оқушы қауым жақсы біледі. «Жанталас» аталатын мына шығарма – сол екі кітаптың арасын жалғастыратын, трилогияның екінші бөлімі. Бұл романда қазақ халкының XVII – XVIII ғасырларда басынан өткерген ұлы-ұлы оқиғалар әңгіме болады. Халқымыздың басына Жоңғарлар күшпен әкеп таңған «Ақтабан шұбырынды» трагедиясы, қазақ елінің Россия қол астына кіруі, шет ел басқыншыларына қарсы күрес кітапта тарихи деректер негізінде қызғылықты баяндалған. |
|
Есенберлин, І. «Айқас» пен «Ғашықтар», «Қатерлі өткел» мен «Алтын құс» романдары. 1 том. – Алматы: «Жазушы», 1975. – 408 бет. Бірінші томға «Айқас» пен «Ғашықтар» романдары енгізілді. Бұл романдарда Қазақстанда Совет өкіметі орнағаннан бергі ұлы-ұлы өзгерістер, қазақ жұмысшы табы мен интеллигенциясының туып, қалыптасу кезеңдері, бүгінгі шат-шадыман бақытты өміріміз суреттеледі. |
|
Есенберлин, І. «Айқас» пен «Ғашықтар», «Қатерлі өткел» мен «Алтын құс» романдары. 2 том. – Алматы: «Жазушы», 1975. – 455 бет. Екінші томға «Қатерлі өткел» мен «Алтын құс» романдары енгізілді. Бұл романдарда Қазақстанда Совет өкіметі орнағаннан бергі ұлы-ұлы өзгерістер, қазақ жұмысшы табы мен интеллигенциясының туып, қалыптасу кезеңдері, бүгінгі шат-шадыман бақытты өміріміз суреттеледі. |
|
Есенберлин, І. Қатерлі өткел. – Алматы: «Жазушы», 1967. – 249 бет. Жазушы Ілияс Есенберлин «Қатерлі өткел» атты бұл жаңа романында еңбекші халыққа бостандық, теңдік, бақыт әперген ұлы күш, ең демократияшыл құрылыс - советтік құрылыстың қазақ даласында қалай қалыптасқанын бейнелеуді мақсат еткен. Автор осы негізгіі идеясын өзектей отырып, романның сюжеттік желісі етіп өмірдің алуан түрлі салаларын, қазақ интеллигенциясының басынан өткен бұрылысы мен бұлтарысы көп, қиын кезеңдерін алған. Оны романның бас кейіпкері Бүркіттің іс-әрекетінен, оның алғышқы қателесу жолынан бастап, кейін советтік құрылыстың адал, твочестволық қайраткері дәрежесіне қалай жеткенін суреттейді. |
|
Нұрпейісов, Ә. Қан мен тер. Ымырт: роман. 1-кітап. – Алматы: «Жазушы», 1966. – 268 бет.
«Ымырт», «Сергелдең», «Күйреу» атты үш кітаптан тұратын шығарма қазақ халықының тарихи бір дәуірдегі өмір кезеңін қамтиды. Жазушы жекелеген адам тағдырлары арқылы тұтас бір халықтың тарихи тағдырын суреттеді. Берекесі кеткен ел тұрмысының тұтас суреті қамтылған трилогияда қиюы қашқан тірліктен жоғын іздеп, жоғалтқанын табам деп тас басып, теңіз кешіп жүрген тағдырлар бар. |
|
Нұрпейісов, Ә. Қан мен тер. Сергелдең: роман. 2- кітап. – Алматы: «Жазушы», 1966. – 276 бет.
«Ымырт», «Сергелдең», «Күйреу» атты үш кітаптан тұратын шығарма қазақ халықының тарихи бір дәуірдегі өмір кезеңін қамтиды. Жазушы жекелеген адам тағдырлары арқылы тұтас бір халықтың тарихи тағдырын суреттеді. Берекесі кеткен ел тұрмысының тұтас суреті қамтылған трилогияда қиюы қашқан тірліктен жоғын іздеп, жоғалтқанын табам деп тас басып, теңіз кешіп жүрген тағдырлар бар. |
|
Нұрпейісов, Ә. Күткен күн: роман. – Алматы: «Жазушы», 1967. – 368 бет.
Әбдіжәміл Нұрпейісовтың Ұлы Отан соғысы тақырыбындағы «Күткен күн» романы. |
|
Нұршайықов, Ә. Батырдың өмірі: шағын повестер, әңгімелер, естеліктер. – Алматы: «Жазушы», 1969. – 176 бет.
Ә. Нұршайықовтың бұл кітабына жастарды адалдыққа, бір сөзділікке, байсалдылыққа баулитын әңгімелері енді. Сонымен қатар жинақ – Совет Одағының батыры Махмет Қайырбаев туралы документті және «Күйші», «Ил – 18» деген лирикалық шағын повестердің басын біріктірген. Повестер мен әңгімелердің желісі ықшам, тілі жеңіл; кейіпкерлері күнделікті қарапайым өмірдің өзінен тартыс туғызады. |
|
Нұршайықов, Ә. Ақиқат пен аңыз: роман-диалог. – Алматы: «Жазушы», 1976. – 384 бет.
«Ақиқат пен аңыз» деп аталатын бұл кітап Ұлы Отан соғысының даңқты қаһарманы, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының азаматтық, ерлік тұлғасын мүсіндеуге арналған. Автор Баукеңің сонау балауса жастық шағынан тартып, Совет Армиясының үздік мектебінде шыңдалу кезеңін, Ұлы Отан соғысының отты жылдарынан бастап күні бүгінге дейінгі ұлағатты өмір жолын шынайы фактілер аясында қызғылықты баяндайды. Романның жазылу формасы да ерекше: бүкіл оқиға автор мен кейіпкердің диалогі арқылы өтеді. |
|
Мұратбеков, С. Жабайы алма: әңгімелер мен повесть. – Алматы: «Жазушы», 1972. – 222 бет.
Жазушы Сайын Муратбековтың бұл кітабына енген әңгімелері мен повесінде соғыс жылдарындағы ауыл өмірі, ауыр тұрмыс, қажырлы еңбек, адалдық пен адамгершілік сөз болады. Шығарма тілі оралымды, ойлы жатық. |
|
Мұратбеков, С. Көкорай: повесть. – Алматы: «Жазушы», 1967. – 172 бет.
Жазушы Сайын Мұратбековтың «Көкорай» атты жинағына екі повесть еніп отыр. «Жусан иісінде» - ел басына қатер төнген соғыс жылдарындағы ауыл тірлігі әңгіме болады. Жеңіске деген нық сенім, асқақ оптимизм шығарманың негізгі өзегі. «Көкорай» - бүгінгі ауыл өмірін, ондағы жастардың қилы мінез-құлықтарын, еңбектегі ерен қимылдарын, еңбектегі ерен қимылдарын, махаббатын көрсетуге арналған. Колхоздағы бастауыш комсомол ұйымының секретары Жанай, сауыншы қыз – Бақыт, тракторист Моторбай тәрізді қазіргі жас замандастарымыздың үлкен өмірге жасаған алғашқы қадамдары баяндалады. Тілі жатық, тартымды. |
|
Мустафин, Г. Миллионер. Шиганак Берсиев: романы. – Алматы: «Жазушы», 1975. – 360 бет.
«Миллионер» - книга о колхозной жизни. Действие происходит в колхозе им. Амангельды. Всесторонне обрисована колхозная жизнь, герои повествования - люди дела и труда. Развитие хозяйства принесло в аул новую культуру. Шиганак - всемирно известный роман Габидена Мустафина, обладающий особой художественной силой в казахской литературе на тему крестьянства. Роман взят из реальной жизни. Основан на жизни известного фермера Шиганака Берсиева, который неоднократно устанавливал мировые рекорды по высокой урожайности проса. |
|
Мұстафин, Ғ. Дауылдан кейін: роман. – Алматы: «Жазушы», 1967. – 448 бет.
Ғабиден Мұстафин “Дауылдан кейін” романында осы бір оқиғаны әр тараптан қамтыған да, революциядан кейінгі кезде болған күрес-тартыс, ұлы өзгеріс, зор жаңалықтар бір-бірімен жалғаса суреттеліп, тарих шежіресінен көркемдік түйіндеу жасаған. |
|
Мұқанов, С. Өмір мектебі. Азапты жолда: роман. 1-ші кітап. – Алматы: «Жазушы», 1970. – 488 бет. «Өмір мектебі» - жазушы Сәбит Мұқановтың 1970 жылы Алматы қаласындағы «Жазушы» баспасынан қазақ тілінде жарық көрген 3-томдық мемуарлық романы. Алғашқы кітабында жазушының шыққан ортасы, жетімдікпен, жоқшылықпен өткен балалық шағы. |
|
Мұқанов, С. Өмір мектебі. Азатты жолда: роман. 2-ші кітап. – Алматы: «Жазушы», 1970. – 520 бет.
Одан кейінгі кітабында елдегі әлеуметтік өзгерістерге ілесе, білім жолына ұмтылысы, қоғамдық істерге араласа бастаған жастың алғашқы қадамы сипаталады.
|
|
Мұқанов, С. Өмір мектебі. Есею жылдары: роман. 3-ші кітап. – Алматы: «Жазушы», 1970. – 472 бет. Ал соңғы кітапта Мұқанов өзінің ақын, азамат, қоғам қайраткері ретінде есеюі жайында сыр шертеді. Сол арқылы ел өміріндегі өзгерістер, қоғамдық жаңару сөз болады. «Есею жылдары» кітабына Қазақстанның Кеңес өкіметі тұсындағы өмірі негіз болған. Кітап авторы қазақ ауылындағы тап тартысының күшеюі, ауылдың кеңес жолына түсуі, Қазақстандағы алғашкы өндірістер мен ұжымшарлардың құрылуы, жаңа әдебиеттің тууы мен қалыптасуы сияқты негізгі оқиғалар жайын әңгімелей отырып, осы жолдағы қиыншылықтар мен асыра сілтеу фактілерін де өз пайымдауымен сипаттайды. Бүкіл шығарманың идеялық түйіні - 20 ғасырдағы халықтың азаттық жолындағы күресі мен жеңісінің табиғи жолын көркем бейнелеу. 3-кітаптың «Қарсақбай сапары» атты тарауында автордың Қарсақбайға барған сапары сөз болады. Ол сол сапарында жас инженер Қаныш Сәтбаевпен танысқанын, Қаныштың өлке тарихы және Жезқазғанның болашағы, атқарылып жатқан жұмыстар жайында қозғаған әңгімесін баяндайды. " |
|
Келімбетов, Н. Үміт үзгім келмейді: повесть-монолог. – Алматы: «Жалын», 1981. – 232 бет. Шығармада өмір үшін аса қауіпті нейрохирургиялық операцияға түсейін деп тұрған науқас адамның сын сағаттағы сан қилы ой-толғаныстары тартымды бейнеленген. Автор өзінің түпкі ойын повестің бас қаһармандары Ержан мен Гауһардың ішкі монологтары арқылы берген. Екі аяғы бірдей сал болып, ауруы меңдеп, тырп етуге шамасы келмей, ажалмен арпалысып жатса да қайғы-уайымға тізгін бермей, қайта от-жалында шыңдалған шар болаттай ширай түскен Ержанның ауыр тағдыры нанымды суреттелген. |
|
Майлин, Б. Қызыл жалау: роман, повесть, әңгіме, пьеса, фельетон, очерктер. Құрастырған: С. Ордалиев. – Алматы: «Жалын», 1979. – 384 бет. Қазақ совет әдебиетінің зергер қаламгері Бейімбет Майлиннің бұл ұсынылып отырған кітабы – қалың оқушыға таңсық дүние. Өйткені, мұнда жазушының 26-36 жылдары «Еңбекші қазақ» газеті мен «Әдебиет майданы» журналында жарияланған роман, повесть, әңгіме, очерк, пьеса, фельтондары жинақталынып отыр. Бұл туындылар кезінде мерзімді баспасөз бетінде жарияланғанымен, жеке кітап болып шықпаған. Өкінішке орай, роман, повестері аяқталмаған, немесе жарияланған газет, журналдардан түгелімен табылмаған. |
|
Момышұлы, Б. Шығармалар. Екі томдық. 1-ші том.– Алматы: «Жазушы», 1968. – 340 бет.
|
|
Момышұлы, Б. Шығармалар. Екі томдық. 2-ші том.– Алматы: «Жазушы», 1968. – 268 бет.
|
|
Есенжанов, Х. Көп жыл өткен соң: роман. – Алматы: «Жазушы», 1967. – 352 бет. Жазушы Хамза Есенжановтың «Көп жыл өткен соң» романда қазақ жеріне келген жаңалық, сол жаңалыққа қарсы тап жауларының күресі, жаңа адамның қалыптасуы, жас интеллигенция өкілінің өмірге көзқарасы шынайы әрі тартымды суреттеледі.
|
|
Есенжанов, Х. Ақ жайық. Төңкеріс үстінде: роман. 1- кітап. – Алматы: «Жазушы», 1968. – 352 бет. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Хамза Есенжановтың «Ақ Жайық» романының бірінші кітабы – «Төңкеріс үстінде» 1918-1919 жылдары Орал өңіріндегі қанды төңкеріс оқиғалары суреткерлік көзбен терең психологиялық тұрғыда бейнеленеді.
|
|
Есенжанов, Х. Ақ жайық. Шыңдалу: роман. 2- кітап. – Алматы: «Жазушы», 1968. – 340 бет. Көрнекті жазушы Хамза Есенжановтың «Ақ Жайық» романының екінші кітабы – «Шыңдалу» 1919-1928 жылдар арасында қазақ ауылдарының басынан кешкен талайлы тағдырлары көркем бейнеленеді.
|
|
Мұқанов, С. Аққан жұлдыз: роман. 1 – кітап. – Алматы: «Жазушы», 1967. – 424 бет. Соңғы жылдары дарынды жазушы қазақтың көрнекті дарынды жазушы қазақтың көрнекті демократы Шоқан Уәлиханов жайлы «Аққан жұлдыз» атты көлемді еңбек жазу үстінде. Роман-эпопеяның бірінші кітабынан жас Шоқанның өсу ортасын, өмір жолының қалыптасуын, сол кездегі ел тұрмысын көреміз.
|
|
Жұмаділов, Қ. Соңғы көш: роман. – Алматы: «Жазушы», 1974. – 432 бет. Қазір Шыңжаң деп аталып жүрген ежелгі Шығыс Түркстан жерінде басқа да аз ұлттармен бірге қазақ халқының да үлкен бір бөлегі тұрады. Жазушы Қабдеш Жұмаділовтың «Соңғы көш» атты жаңа романы сол Шыңжаңда тұратын қазақтардың тұрмысынан аланып жазылған. Роман осы ғасырдың 50-60 жылдарына дейін созылып келген көшпенділер өмірі, еңбекші халықтың өз бостандағы мен бақыты жолындағы күресі, әділетсіздік жайлаған елдегі аз ұлттардың аянышты тағдыры шынайы көркем тілмен нанымды суреттелген. |
|
Мырзахметов, Е. Медет: роман. – Алматы: «Жазушы», 1976. – 248 бет. Жазушы Естай Мырзахметов өзінің «Медет» атты романына адамдардың бір-біріне деген ізгілігін, азаматтық борышын, адал ниетін арқау еткен. Басты кейіпкер Медет пен Айнұр арқылы махаббатты, достықты, татулықты, бірлікті шынайы бейнелеуге тырысады.
|
|
Нұрманов, А. Құланның ажалы: роман. – Алматы: «Жазушы», 1969. – 208 бет. «Құланның ажалы» - Ақан Нұрмановтың үшінші кітабы. Мұның алдында оның «Күн ертеңге ауып барады», «Аққудың жұлдызы» атты кітаптары жарық көрген. Әдебиетке мол білім, үлкен дайындықпен келген Ақан бұл шығармасында тағы да жаңа бір қырымен ашылады. Романда адамның ішкі жан дүниесі, ой, сезім арпалыстары көрікті, шебер тілмен суреттеледі. |
|
Жанкелдин, Т. Партизан жорықтары. – Алматы: «Жазушы», 1967. – 300 бет.
|
|
Жұмағұлов, М. Қыран қазасы қияда: роман. Орысшадан ауд. Ғ. Қайырбеков. – Алматы: «Жазушы», 1971. – 448 бет. 1916 жылғы Аманкелді Иманов бастаған қазақ халқының ұлтазаттық қозғалысы және оның Ұлы Октябрь революциясына, Азамат соғысына ұласу тарихы кеңінен баяндалады. Роман дерлік тарихи документтерге сүйеніп жазылған. Мұндағы ұшан-теңіз оқиғалар мен оларға қатынасқан кейіпкерлердің бәрі өмірде болған адамдар. Роман қазақ тіліне тұнғыш аударылып отыр. Аударма аталғанымен бұл еңбек қазақ әдебиетініің төл туындысы. Қазақ халқының тарихындағы айтулы ұлы кезең, ондағы оқиғалар шындығын камтыған тарихы роман, қазақ оқушысына толық жетіп, алуан мәселелерде тарихтық мағлұмат, көркемдік әсер беруі сөзсіз. |
|
Нұрманов, А. Құланның ажалы: роман. – Алматы: «Жазушы», 1976. – 432 бет. Жаңа ғана орналған жас совет өкіметі Торғай даласы тұрғындарының жүрегінде үлкен үміт отын жаққандай. Алайды айқас әлі тынған жоқ: жаулар әрекеті енді жабық, жасырын түрге көшті. Өсек-өтірік, алдау-арбау, айла-шырғы ендігі астыртын айқастың құралы болды. Романның бас кейіпкері Құлан аты аңызға айналған ардагер Аманкелдінің серігі. Ол совет өкіметін орнатуға белсене ат салысады. Алайда басшы орындарға сіңіп алған жаулардың жасырын әрекеттері оны жаңсақтыққа итермелейді. Көп ұзамай ол жаулар жағынан бір-ақ шығады. Құлан өз қатесін іштей ұғынып, қатты қапаланады. Осынау тығырықтан құтылар жолды іздеп алас ұрады. |
|
Қайсенов, Қ. Жау тылында: повестер. – Алматы: «Жазушы», 1973. – 494 бет. Бұл шығарма 1961 жылы жазылған. Автор Ұлы Отан соғысы кезінде жау тылындағы партизандардың басқыншыларға қарсы жасаған зор ерліктерін үлкен тебіреніспен суреттеп жазған. |
|
Әуезов, М. Қилы заман: повестер мен әңгімелер. – Алматы: «Жазушы», 1979. – 384 бет. «Қилы заман» - Мұхтар Әуезовтің ұлттық сананы қозғайтын, халықтың көкірек көзін оятар ерек туындысы. Уақыт озған сайын айтар ойы мен маңызы артпаса, кемімеген, жаңаша сараптауды қажет ететін шығарма. Шығармада ұлттың өмір суруі, не жойылуы, туған жердің топырағында қырылып қалу, не жат жерге қоныс аудару мәселесі көтеріледі. М.Әуезов бұл туындысында империялық саясатқа қарсы күрестің тарихын бұрмаламай, оқырман қауымға ақиқатын жеткізген. Кітап бұдан басқа «Қараш-Қараш», «Көксерек» т.б. жұртқа мәшһүр шығармалары енгізілді. |
|
Сейфуллин, С. Тар жол. Тайғақ кешу. – Алматы: «Жазушы», 1960. – 482 бет. Тас түйін тарпаң мінез тарлан тарихтың тақтатасында тағылым із қалдырған, талай тартыс-сын тудырған «Тар жол, тайғақ кешу» - Кеңес өкіметін орнату жолындағы күрзі етік күрескер ерлер мен еңбекші елдің елең-алаң өмірін өзек етеді. «Тар жол, тайғақ кешу» - еркіндік аңсап ерте тұрған еразаматтардың тағдыр тауқыметін тайға таңба басқандай бедерлі күйде суреттейді. |
|
Нұрпейісов, Ә. Қан мен тер: трилогия. – Алматы: «Жазушы», 1976. – 824 бет. Әлеуметтік һәм психологиялық талдау тәсілі бір арқанның екі тініндей өрілген шығарма – Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясы. Бұл туынды – ел, халық, оның әлеуметтік тағдыры туралы шығарма. Уақыты өзгергенімен, заманалық зәрулігі өзгермейтін туынды. Тірлік-тынысы әлдеқайда кең шығарма және жанрлық жағынан да басқаға ұқсамайды. «Қан мен тер» трилогиясы «Ымырт» (1961), «Сергелдең» (19б4), «Күйреу» (1970) романдарынан тұрады. |
|
Мүсрепов, Ғ. Суреткер парызы: мақалалар жинағы. Құрастырған филология ғылымының кандидаты Ә.Нарымбетов. – Алматы: «Жазушы», 1970. – 544 бет. Қазақ Совет әдебиетінің аса көрнекті өкілі Ғабит Махмұтұлы Мүсрепов тұлғалы көркем туындылар жазумен бірге туған әдебиетіміз жайлы толассыз толымды ойлар толғап келеді. Жазушының сол аса құнарлы ой-толғаныстары алғаш рет жеке жинақ болып ұсынылып отыр. |
|
Мүсрепов, Ғ. Бес томдық шығармалар жинағы: повестер мен әңгімелер. 1-ші том. – Алматы: «Жазушы», 1972. – 526 бет. Бірінші томға әңгімелер, ана туралы аңыздар, қаз қалпында, жапон балладасы, алғышқы адамдар және аудармалар кірді.
|
|
Мүсрепов, Ғ. Бес томдық шығармалар жинағы: повестер мен әңгімелер. 3-ші том. – Алматы: «Жазушы», 1974. – 482 бет. Үшінші томға «Оянған өлке» роман кірді. Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке» романындағы автордың характер жасаудағы шеберлігін Игілік бейнесі арқылы дәлелдеп жазыңыз. Кеңестік дәуірде кең өріс жайған, көпжанрлы, биік профессионалды қазақ әдебиеті шеберлерінің алғы шебінде Ғабит Мүсірепов есімі аталады. Оның қаламынан көптеген қызықты әңгімелер, очерктер, новеллалар туды. «Оянған өлке» романы – жазушымыздың проза жанрындағы алғашқы күрделі еңбектерінің бірі. |
|
Мүсрепов, Ғ. Бес томдық шығармалар жинағы: повестер мен әңгімелер. 4-ші том. – Алматы: «Жазушы», 1975. – 555 бет. Төртінші томға «Суреткер парызы» әдеби-сын еңбектері кірді. Қазақ Совет әдебиетінің аса көрнекті өкілі Ғабит Махмұтұлы Мүсрепов тұлғалы көркем туындылар жазумен бірге туған әдебиетіміз жайлы толассыз толымды ойлар толғап келеді. Жазушының сол аса құнарлы ой-толғаныстары алғаш рет жеке жинақ болып ұсынылып отыр. |
|
Мүсрепов, Ғ. Бес томдық шығармалар жинағы: повестер мен әңгімелер. 5-ші том. – Алматы: «Жазушы», 1976. – 619 бет. Бесінші томға «Қазақ солдаты» роман және «Ұлпан» повесть кірді. Ғабит Мүсіреповтің мінез-құлық, образ жасаудағы ерекше қырын көрсеткен – «Қазақ солдаты» романы. Бұл жазушының роман жанрына келгендегі алғашқы туындысы еді. Шығарманың басты кейіпкері – Қайрош Сарталиев. Шығарма желісі соғыс жылдарындағы жауынгерлердің өмір шындығымен шектеліп қалмайды. Қарапайым халық тіршілігін кеңінен суреттейді. Заманымыздың аса көрнекті жазушысы Ғ.Мүсреповтің «Ұлпан» повесть ескі салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа қарсы шығып, ел басқару дәрежесіне дейін көтерілген қазақ әйелінің тағдыры шынайы суреттелген. |
|
Мүсрепов, Ғ. Қазақ солдаты: роман. – Алматы: «Жазушы», 1967. – 368 бет. Ғабит Мүсіреповтің мінез-құлық, образ жасаудағы ерекше қырын көрсеткен – «Қазақ солдаты» романы. Бұл жазушының роман жанрына келгендегі алғашқы туындысы еді. Шығарманың басты кейіпкері – Қайрош Сарталиев. Шығарма желісі соғыс жылдарындағы жауынгерлердің өмір шындығымен шектеліп қалмайды. Қарапайым халық тіршілігін кеңінен суреттейді. |
|
Аманжолов К. Стихи и поэмы. – Алматы: «Художественная литература», 1958. – 212 стр. Книга стихов Касыма Аманжолова представляет только часть того, что создано Аманжоловым за короткий отрезок его творческой жизни. По этим стихам, можно составить мнение об исключительной многогранности интересов поэта, о самобытности его таланта. |
|
Ауэзов М. Собрание сочинений в 5-ти томах: Рассказы и повести 1921-1947 годов. Том 1. – Москва: «Художественная литература», 1973. – 568 стр. В 1-й том Собрания соченений Мухтара Ауэзова входят рассказы и повести 1921-1947 гг. Наряду с широко известными произведениями, такими, как «Выстрел на перевале», «Серый Лютый», «Стойкое племя» и др., читатель познакомится с рассказами, впервые издающимися на русском языке («Три дня», «К вершинам»), с повестью «Лихая година», известной только в журнальной публикации. Рассказах и повестях 1920-х годов писатель изображает жизнь казахского народа до Октябрьской революции, произведения 30-40 годов целиком посвящены современности, становлению и развитию в Казахстане новых, социалистических отношений. |
|
Ауэзов М. Собрание сочинений в 5-ти томах: Абай. Том 2. – Москва: «Художественная литература», 1974. – 744 стр. Центральное произведение Мухтара Ауэзова роман-эпопея «Путь Абая» состоит из двух романов – «Абай» и «Путь Абая». Во второй том Собрания сочинений М.Ауэзова входит роман «Абай». Эпопея «Путь Абая» посвящена жизни и деятельности великого казахского поэта и просветителя Абая Кунанбаева. В романе «Абай» рассказывается о детстве и юности героя, о формировании его взглядов, его поэтического таланта. |
|
Ауэзов М. Собрание сочинений в 5-ти томах: Путь Абая. Том 3. – Москва: «Художественная литература», 1974. – 736 стр. В третий том Собрания сочинений М.Ауэзова входит роман «Путь Абая» - вторая книга одноименной эпопеи. В этом романе Абай предстает как зрелый художник и мыслитель – духовный вождь своего народа. Борьба Абая за передовые идеалы изображена писателем на широком социально-историческом фоне. Ауэзов показывает обостряющиеся общественные противоречия, начавшийся кризис феодального уклада в казахской степи, вызревание стихийного протеста народных масс. |
|
Ауэзов М. Собрание сочинений в 5-ти томах: Племя младое. Том 4. – Москва: «Художественная литература», 1975. – 696 стр. В четвертый том Собрания сочинений М.Ауэзова входят произведения различных жанров, созданные им на протяжении всего творческого пути. В него включен последний незаконченный роман писателя – «Племя младое», посвященный острым проблемам современности. Сюда вошли также шесть наиболее значительных пьес М.Ауэзова – основоположника казахской драматургии и казахского национального театра: трагедии «Енлик и Кебек», «Карагоз», драма «Зарницы», драма-сказание «Кобланды», комедия «Айман и Шолпан». |
|
Ауэзов М. Собрание сочинений в 5-ти томах: Литературно-критические и публицистические статьи 1936-1961 годов. Том 5. – Москва: «Художественная литература», 1975. – 568 стр. В творческом наследии Мухтара Ауэзова значительное место занимают научные исследования по истории казахской и киргизской литературе, фольклору, вопросам литературных взаимовлияний и взаимосвязей, статьи о советской литературе, публицистика. В пятый том Собрания сочинений М.Ауэзова вошли литературоведческие, литературно-критические и публицистические статьи писателя 1936-1961 годов. |