Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ қолдауымен «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де 2022 жыл — "Балалар жылы" және "Оқитын ұлт" жобасы аясында ҚР Білім меценаты, «Алтын Жүрек» ұлттық сыйлығының иегері, Қарағанды облысының «Аманат» партиясы төрағасының бірінші хатшысы Алтынбеков Бекзат Қомарұлымен «Өлке тұлғалары» кітапханалық тележобасы бойынша «Жарқын жүзді кездесу» кеші өтті. Кездесу кешке Жазушылар одағының мүшесі, ақын Алдашева Руза Жақыпқызы, айтыскер-ақын Айгүл Түсіпбекова, «М.Жұмабаев атындағы №39 гимназия» қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Альжанова Мөлдір Жақсыбайқызы, Семей қаласынан филология ғылымдарының кандидаты, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК директоры Жанаева Шағангүл Алдамжарқызы, ақын Бағдат Мүбәрак, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің студенттері мен «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясының» оқушылары мен оқытушылары қатысты. Бүгінгі күні халық игілігі үшін адал еңбек етіп, болашақ жастарға үлкен қолдау білдіріп, жарқын болашағына жол бастап, ұрпақ сабақтастығын жалғап жүрген, жастарға үлкен демеушілік көрсетіп жүрген қазақтың нағыз мәрт жігіті Алтынбеков Бекзат Қомарұлымен кездесуге байқау жүлдегерлері мен ақын-жазушылар шақырылды.

Olke Altynbekov   Olke Altynbekov 1   Olke Altynbekov 2

Яндекс.Метрика