2022 жылдың 9 ақпан күні «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасында «Өлке тұлғалары» кітапханалық тележобасы аясында Қала күніне орай Қарағанды Мемлекеттік университеті тарих факультетінің оқытушысы, доцент, тарих ғылымдарының кандидаты Кентбек Салават Қамшыбайұлы арнайы шақырылып, студенттерге «Қарағанды қазыналы өлкем» тақырыбында кездесу кеш өтті. Кездесу кешінде А.Толеуханова Салават Қамышбайұлының өмірі мен қызметі  туралы келген оқырмандарарға мәлімет беріп өтті. Кеш барысында қонағымыз оқырмандарға өзінің еңбек жолын, студенттік шағынан, отбасы, Қарағандының тарихы жайында сыр шертті.Іс-шара барысында оқырмандар қонағымыздың қызықты естелік әңгімесіне қарай, көптеген сауалдарын қойды. №61 ЖББМ 9-сынып оқушылары Эшкулова Ақшархат және Сая Сезім Қасым Аманжоловтың "Қарағанды", "Туған жер" өлеңін оқыды. Cонымен қатар "Е.А.Букетов атындағы ЖББМ"№52  5-сынып оқушылары Абель Михаил мен Бонке Маргарита Иса Байзақовтың "Қарағанды" өлеңін нақышына келтіріп оқыды. Кеш соңында «Өлкетану бөлімінің» кітапханашысы М.К.Саменова «Менің сүйікті Қарағандым» атты кітап көрмесіне шолу жасады.Оқырмандарды рухани кемелділікке, адамгершілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу, мемлекетіміздің өсіп-өркендеумақсатында өткізілген кездесу-кеш тартымды өтті, тың дерекке толы болды, кеш соңында қонақтарды фото суретке түсуге шақырды.

IMG 0696   IMG 0701  IMG 0710

                  IMG 0715         IMG 0723

Яндекс.Метрика