Құрметті оқырмандар, 2021 жылы Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өрендерім» өлеңіне 80 жыл толады. Осыған байланысты сіздерге өлең жолдарынан поэтикалық вернисажды ұсынамыз. 1941 жылы 15 республикадан құралған мызғымас Кеңестер Одағына фашистік германия тұтқиылдан шабуыл жасағанда ақын Жамбыл Жабаев қаламын қолға алып, қайтадан қайраттана, жігерлене түсті. Бұл тұста Жамбыл ақын жауға қаламмен қарсы шығып, «Ата жаумен айқастық», «Өлім мен өмір белдесті», «Ленинградтық өренім!», «Москваға», «Аттан, батыр, ұрпағым», «Кеңес гвардеецтеріне», «Кеңес жауынгерлеріне», «Майданға хат», «Сыйлық», «Тырналар қайтты көріңдер», «Отан әмірі», «Алынбас қамал», «Балама хат», «Воронеж батырларына», «Ленин өреніне», «Қамал бұзған қаһарман», сынды әрбір өлеңін жауға оқ етіп жаудырды. Өмір мен өлім белдескен шақта ақын қуатты жырларымен кеңес жауынгерлеріне жігер берді. Оның жырлары жыл құсындай болып майданға аттанды. Жауынгерлерге Ленинград, Мәскеу, Сталинград сынды ірі қалаларды жау қолына бермеңдер деген ақын жырларында өршілдік рух басым. Кеңес жауынгерлеріне қайратына қайрат, жігеріне жігер қосқан өлеңдерінің ішінен «Ленинградтық өренімді» ерекше атауға болады
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/qaarc/qa/8041
#поэтическийвернисаж #жамбылжабаев175жыл #Ленинградтық_өрендерім #ленинградцыдетимои #поэзияәлемі #өлеңоқу #кітапханаұсынады #6кітапханафилиалы

Яндекс.Метрика