«АЙМАҚТЫҚ БАСПАСӨЗДІҢ БАСТАУЫ»
📚 Қарағанды өңірінің баспасөз тарихы – өлке шежіресінің ажырамас бөлігі.
1931 жылғы 4 қазанда өңірдегі қазақ тілінде жарық көрген тұңғыш басылымдардың бірі – «Қарағанды пролетариаты» газетінің алғашқы нөмірі жарық көрді. Бүгінде бұл басылымның ізін жалғаған «Орталық Қазақстан» газеті өңірдің қоғамдық-саяси, мәдени және рухани өмірінен сыр шертетін маңызды ақпарат көзіне айналды.
Газеттің қалыптасуына Ғабиден Мұстафин, Әбділда Әбішев, Саттар Ерубаев сынды қаламгерлер үлес қосып, алғашқы редакторы Х. Садықов болды. 1938 жылы «Советтік Қарағанды» атауымен шыққан басылым 1963 жылдан бері «Орталық Қазақстан» деген атпен оқырманға жол тартып келеді.
🗣️ Осы тарихи басылымның қалыптасу жолы, өңір журналистикасындағы орны, ел өміріндегі маңызы мен жетістіктері туралы ардагер журналист, қарымды қаламгер, зерттеуші Аман Жанғожин Сағынов атындағы техникалық университет студенттеріне мазмұнды әңгіме өрбітті.
Кездесу барысында студенттер аймақтық баспасөздің өткені мен бүгіні, журналистиканың қоғамдағы рөлі және өлке тарихын зерттеудегі басылымдардың маңызы туралы тың мәліметтер алды.
📖 «Аймақтық баспасөздің бастауы» атты танымдық іс-шараны М. О. Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхананың «Өлкетану» бөлімі ұйымдастырды.
✨ Өлке тарихын таныту, рухани мұраны дәріптеу және жас ұрпақтың тарихи танымын кеңейту – біздің басты мақсатымыз!





