М.О. Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада 25 қазан – Республика күніне орай «Республика – елдігімнің тұғыры» атты мерекелік кеш өтті.
Мерекелік шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің маңызын насихаттау, өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру.
Кештің құрметті қонақтары қатарында Қарағанды облысы ардагерлер ұйымының төрағасы Ғ.Ш. Тұяқов, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның Мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасының Құрметті журналисі, ҚР Ақпарат саласының үздігі С.Ж. Жанысбай, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті Тарих факультетінің Археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Н.Б. Смағұлов, №14 мектеп-гимназиясының көркем еңбек пәнінің мұғалімі Д.А. Оспанов, «Қарағанды облысының Ауған соғысы ардагерлері және мүгедектерінің Одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, полковник С.Ж. Тоқтабеков, Қарағанды кеншілер мәдениет сарайы жанынан құралған "Көз көргендер" ансамбілінің мүшелері мен Қарағанды облысы ардагерлер кеңесінің мүшелері мен «Болашақ» колледжінің студенттері қатысты.
Мерекелік кеш Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды. Шара барысында туған жерге деген сүйіспеншілікті, елге деген мақтаныш сезімін ұлықтайтын «Өз елім», «Астана», «Атамекен», әндері шырқалды.
Кеш қатысушылары еліміздің тәуелсіздігі, ұлттық бірлігі мен болашағы туралы ой бөлісіп, Республика күнінің тарихи маңызына тоқталды.

          

Яндекс.Метрика