15.10.2026 жылы,Қарағанды қаласы орталықтандырылған кітапханасы ,,Өлкетану “бөлімі мемлекет және қоғам қайраткері ,қазақ елінің мемлекеттігі үшін күрескен тұлға,қазақтың тұңғыш құқық магистрі,Алаш қозғалысының көшбасшыларының бірі Жақып Ақбаевтің туғанына 150жыл толуына арналған әдеби-танымдық іс -шара өткізді.Іс -шараға Қарағанды қаласы Жақып Ақбаев атындағы мектеп-ұстаздары мен оқушылары,ардагерлер, ,,Өрлеу “педагогикалық қызметкерлері кәсіби даму институты оқытушылары,кітапхана оқырмандары қатысты.Әдеби -танымдық іс -шараға қатысушылар Жақып Ақбаевтің күрескерлік ,қайраткерлік ,азаматтық болмысына байланысты ойларымен бөлісті. Іс-шараға қатысушылар Жақып Ақбаевтің құқық саласындағы еңбектері мен заң саласының қалыптасуы ,дамуына қосқан үлесі жөнінде де пікір алмасты.Танымдық іс -шара барысында қатысушылар Алаш автономиясын құру жолындағы Жақып Ақбаевтің жанкешті еңбегі жөнінде тарихи деректер негізінде жасасалған көрмемен танысты.

            

Яндекс.Метрика