Құрметті оқырман!«Азаттықты аңсаған алып тұлға» атты іс-шара өтті Ұлт азаттығы жолында ғұмырын арнаған, Алаш қозғалысының көсемі, мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның өмірі мен қоғамдық қызметін насихаттау мақсатында «Азаттықты аңсаған алып тұлға» атты тағылымды іс-шара өткізілді.
Шара барысында Әлихан Бөкейханның ел тарихындағы орны, Алаш идеясы, ұлттық мемлекеттілік жолындағы еңбегі кеңінен сөз болып, қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Іс-шараға Қарағанды қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы Телеужан Ахметбеков, ҚарЗУ профессоры, психология ғылымдарының академигі Бибісара Әмірова, жазушы Сүйіндік Жанысбай, өлкетанушы, этнограф Аңғар Смағұлов, «Сарыарқа» облыстық телестудиясы директорының орынбасары Жәнібек Садықанов, «Арқа ақшамы» газетінің бас редакторы Әдебиет Жұманов, «Орталық Қазақстан» газетінің журналисі Ерік Нарын, сондай-ақ Әлихан Бөкейхан атындағы мектеп ұжымы, мұғалімдері мен оқушылары және М.О. Әуезов кітапханасының қызметкерлері қатысты.
📚 Ұлт тарихын ұлықтау – ұрпаққа аманат.
Әлихан Бөкейханның елдік мұрасы мен азаттық идеясы – бүгінгі ұрпақ үшін тағылымы мол рухани қазына.





