Кеншілер күніне орай оқырмандарға еліміздің көмір өнеркәсібінің қалыптасуы мен даму тарихын таныстыру мақсатында 6505 әскери бөлімінің сарбаздарымен «Қазақстан көмір өндірісінің алтын дәуірі» атты тарихи-танымдық сағат ұйымдастырылды.
Шара барысында Қазақстандағы көмір өндірісінің тарихы, Қарағанды көмір бассейнінің ел экономикасындағы маңызы, кеншілер еңбегінің ерекшелігі және көмір өнеркәсібінің дамуына үлес қосқан еңбек адамдары туралы мағлұматтар берілді.
Қатысушыларға көмір өндірісіне қатысты тарихи деректер ұсынылып, кенші мамандығының батылдықты, төзімділікті және үлкен жауапкершілікті талап ететіні атап өтілді.
📚 Шара барысында тақырыпқа сай кітаптар мен тарихи-танымдық әдебиеттер таныстырылды.

           

Яндекс.Метрика