🚂 «Рельстермен өрілген өркендеу жолы»
Қарағанды теміржолының құрылғанына 95 жыл толуына орай танымдық-ақпараттық сағат өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушылар Қарағанды теміржолы тарихымен, оның ел экономикасының дамуына қосқан үлесімен және аймақтың индустриялық өрлеуіндегі маңызды рөлімен танысты. Теміржол саласының қалыптасу кезеңдері, алғашқы құрылыс жылдарындағы қиындықтар мен жетістіктер, сала ардагерлерінің еңбегі туралы мазмұнды мәліметтер айтылды.
Кездесу барысында тарихи деректер мен фотосуреттер ұсынылып, теміржолшылардың қажырлы еңбегі ерекше атап өтілді. Қарағанды өңірінің өндірістік әлеуетін арттыруда теміржолдың маңызы зор екені кеңінен талқыланды.
📚 Мұндай тағылымды шаралар жас ұрпаққа ел тарихын құрметтеуге, еңбек адамының мәртебесін бағалауға және туған өлкенің дамуына үлес қосқан азаматтарды дәріптеуге бағытталған.

2026 02 18 162858    2026 02 18 162909

Яндекс.Метрика