Қазақ ән өнерінің көрнекті өкілі, халқымыздың мақтанышы – Нұғман Әбішевтің туғанына 120 жыл толуына орай Тәттімбет атындағы өнер колледжі қабырғасында танымдық сағат өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – қазақтың кәсіби вокал өнерінің дамуына зор үлес қосқан тенордың шығармашылығын жас ұрпаққа насихаттау, оның сахналық шеберлігі мен орындаушылық мәдениетін таныту.
Танымдық сағат барысында студенттерге Нұғман Әбішевтің өмір жолы, өнердегі ізденістері, қазақ әндерін кең тыныспен, ерекше тембрмен орындаудағы шеберлігі туралы мазмұнды мәліметтер берілді. Сонымен қатар, өнер иесінің репертуарынан әндер шырқалып, ақынынң өз дауымен шырқаған әндерімен қатар естеліктер мен тарихи деректер ұсынылды.

2026 02 17 174140    2026 02 17 174209    2026 02 17 174215

Яндекс.Метрика