Қала келбеті – оның тарихы мен табиғатының үндестігінен қалыптасады.
М.О. Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада «Тарихи-мәдени және дендрологиялық талдау негізінде Қарағанды қаласының қалалық бірегейлігінің тұғырын қалыптастыру» тақырыбында жобалық семинар өтті.
Іс-шара барысында Қарағандының тарихи-мәдени мұрасы, қаланың дизайн-коды, жасыл кеңістіктері мен болашақ даму бағыттары талқыланды.
Осындай маңызды кездесулер – қаламыздың келбетін сақтап, болашағын бірге қалыптастыруға мүмкіндік береді.
📍М.О. Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапхана





