Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен «OPEN AIR LIB» акциясы аясында «Жаңа кітапхана – жаңа мүмкіндіктер» атты жазғы аула кітапханасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Іс-шара Қарағанды қаласы, Б.Момышұлы көшесі, 28-үй мекенжайында өтті. Дәл осы мекенжайда алдағы уақытта жаңа кітапхана өз есігін айқара ашатын болады. Осыған орай тұрғындарды жаңа мәдени кеңістікпен таныстыру, балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды.
Бағдарлама барысында балалар қызықты кітап викториналарына қатысып, көңілді ойындар ойнап, музыкалық нөмірлерді тамашалап, тәтті сыйлықтарға ие болды.
✨ Іс-шарамыздың өтуіне демеушілік көрсеткен «AIZA» ЖШС-не және компания директоры Якимов Григорий Вячеславовичке ерекше алғысымызды білдіреміз. Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған жарқын мереке ұйымдастырылды.
Жақын арада Б.Момышұлы көшесі, 28-үй мекенжайында жаңа кітапхана өз жұмысын бастайды. Кітап сүйер қауымды жаңа кітапханада асыға күтеміз!





