М.О. Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра – рухани қазына» атты тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрме аясында кітаптардан домбыра пішініндегі ерекше инсталляция жасалып, ұлттық өнердің символына айналған қасиетті аспаптың көркем бейнесі көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар ұлттық музыка өнеріне, қазақтың күйшілік дәстүріне және домбыраның шығу тарихына арналған әдебиеттер мен танымдық ақпараттар қойылып, оқырмандарға кеңінен таныстырылды.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа ұлттық мәдениетімізді насихаттау, халқымыздың киелі мұрасы – домбыраның рухани құндылығын дәріптеу, ұлттық өнерге деген қызығушылықты арттыру және оқырмандардың тарихи-мәдени танымын кеңейту.

        

Яндекс.Метрика