4.07.2026 Астана күніне орай №1 жасөспірім және №8 кітапхана- филиалдарының қызметкерлері 31775-ші әскери бөлімде “Жасай бер - жайна Астана” атты танымдық сағатын өткізді. Филиал меңгерушілері Г.Б. Қосжан және Г. А. Қайыржан әскери қызметшілерге Астана тарихы және оның басты көрікті жерлері туралы айтып, кітап көрмесі мен викторинаға шолу жасады. Астана-Болашақтан бастап, шексіз дала арасында өскен қала. Қазақстанның жас, серпінді астанасы өзінің сәулетімен, зәулім ғимараттарымен және кең даңғылдарымен таң қалдырады. Қаланың өзі Шығыс дәстүрлерін озық әлемдік үрдістермен үйлесімді үйлестіреді.

       

Яндекс.Метрика