Осы жазда Қарағанды кітапханалары өз кеңістігін кеңейтіп, қала тұрғындарына ашық аспан астында жаңа форматтағы мәдени іс-шараларды ұсынады! Шілде мен қазан айлары аралығында «OPEN AIR LIB: Қарағанды кітапханалары» жобасы аясында қала саябақтары мен гүлзарларында кітап көрмелері, әдеби акциялар, зияткерлік викториналар, интерактивті бағдарламалар, шығармашылық кездесулер және музыкалық іс-шаралар ұйымдастырылады. Жобаның негізгі мақсаты – кітап оқу мәдениетін дәріптеу, тұрғындардың оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітапханалардың ақпараттық және мәдени ресурстарын кеңінен насихаттау. Әрбір қатысушы ашық аспан астында мазмұнды уақыт өткізіп, жаңа кітаптармен танысып, танымдық әрі қызықты іс-шараларға қатыса алады. Барша қала тұрғындары мен қонақтарын оқырман қауымның бір бөлігі болып, «Оқитын Қарағанды» бастамасына атсалысуға шақырамыз!





